Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана EXPO-2017» ОҚО тауар өндірушілерімен 10 млрд теңгенің келісіміне қол қойды

«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы оңтүстіктегі тауар өндірушілермен құны 10 миллиард теңге болатын келісімге қол қойды.

Енді Оңтүстік Қазақстан және Жамбылдағы өндіріс орны көрменің құрылысына қажетті керамикалық плитадан бастап, қышқа дейін жеткізіп береді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құрылыста қажеттінің бәрін отандық өндірушілерден алуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. EXPO-ны тамашалауға шеттен келетін қонақтарға бірінші кезекте жол көрсететін еріктілерді жасақтауға ерекше мән беріліп отыр. Дегенмен бірінші кезекте құрылыс материалдарын өндіруші жергілікті кәсіпкерлерге сапаға ерекше назар аудару керектігі де айтылды.

Фарход Исматов, Кентау трансформатор зауытының маркетологы:

- Қазіргі кезде EXPO-2017 құрылыс компанияларымен жақсы қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз.Көрмеге біз 50 түрлі өнім апарамыз. Олар түрлі қуатты  кернеулер мен құрғақ және қуаттылығы 20 мегаватт трансформатор.

Болатбек Бейісбеков, шебер:

- EXPO-ға қазақтың ұлттық бұйымдары, кілем мен алаша тоқу өнерін апарсақ дейміз. Зергерлік бұйымдар да бар. Оның ерекшелігі болуы керек. Алаша тоқу техникасында ертеде аттарын жазған. Бұл жерде елімізге келген қонақтардың аттарына дейін, қай жерде болғанын жазып бере аламыз.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13091

 
1
0
425

Осы тақырып бойынша

«Астана EXPO-2017» ОҚО тауар өндірушілерімен 10 млрд теңгенің келісіміне қол қойды - Yvision.kz