Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевтың брифингте сөйлеген сөзі
Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы 516 прокурорлар (жалпы санының 11%) жүзеге асырады, олар 830 мың қылмыстық істің тергеуіне қадағалау жасап, олардың 57 мыңын сотқа жолдады.
Олар 120 мың өтініш те қарады.
Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-дан астам істен және 230-дан астам өтініштен келеді.
