«Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениетін „Мәңгілік ел“ идеологиясының контексінде қалыптастыру»


2015 жылдың 22 желтоқсанында Батыс Қазақстан иженерлік-технолигялық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениетін «Мәңгілік ел» идеологиясының контексінде қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында оқытушы Ш.У.Махметова «Мәңгілік Ел – тәуелсіздік тұғыры», құқықтық пәндер оқытушысы Д.Т.Хабибуллина «Біз – жемқорлыққа қарсымыз!», құқықтану мамандығының оқушысы А.Тулембетова «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыптарында баяндама жасады.
Шараға Департамент өкілі Б.Хайруллин қатысып, дөңгелек үстел қатысушыларына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерінің бірі «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс» тармағы бойынша түсіндірді.
Шара соңында колледж оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


