Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрыш қала газетіне

Құрыш қала газетіне


Жасы үлкендер ақыл айтпай жастарға,

Жас жалындар басын ұрып тастарға.

Өткеніндей дана болмай қазағым,

Мазақ болып жүргендей ғой қастарға.

 

Қызыл тілдің Қызыл жебесі


Мен Теміртау қаласындағы «Құрыш қала» газетіне барған болатынмың. Сондағы барғаным ұлт мүддесі хақысында. «Тіл байлығы» деген мақаламды шығаруға ұсынған едім. Алдымнан жасы үлкен «ақыл» айтар адам шығып еді. Есімі Алмагүл апай екен. Мақаламды алып «кешке хабарласам» деді. Кешкісің хабарласпағаннан кейін, өзім қоңырау шалуға мәжбір болдым. Ондағы айтқаны: «екі күннен кейін хабарлас» деп. Қазақ әрқашан жасы үлкен адамды сыйлаған. Бірақ, Алмагүл секілді апайлар сөйлетпей қоятын емес.

Екі күн өткесін Алмагүл апайға хабарластым. Телефонмен Алмагүл апай тағы ертеңімен тойдыртып «ертең хабарлас» деді. Сол сәтте телефон тұтқасын қоймастан: «мынау бір мақаласың беріп еді, басыма бәле болды ғой» деп қасындағы әріптесіне ойын айтып қалды.

Алмагүл апай: «Газет – халықтың тілі һәм құлағы» емес пе? Теміртау жерінде қазақ газетіне шығармаған да қайда шығарам?

Бұл газетті мәпелеп, ептеп ұстау керек. Жалған сөзді айтатың, жазатың жұмыскердің  не керегі бар? Бір қазақ баласының мақаласын шығара алмай жүрсіздер. Үлкен адам да ұят деген болуы керек қой. «Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады» (Ғабит) емес пе? Айтуға – ұят, айтпасаң – қиянат (Шерхан) болып тұр. Тіл мәселесін көтеріп шыңдықты жаздым. «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады». (Ғұмар Қараш) Әлиханша айтсам: Қағаз не жазса да көтереді, бірақ ұят та керек нәрсе, Алмагүл апай! «Орталық Қазақстан» газеті менің осы жазған сөзімді көшіріп басуын өтінем.

   

Қызыл тілдің Қызыл жебесі

02. 01. 2016 жыл

 
0
0
1027

Осы тақырып бойынша