Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 393 сәби дүниеге келді

 

Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 393 сәби дүниеге келді.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 83 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Маңғыстау облысында – 51, Шығыс Қазақстан облысында – 43, Алматы облысында - 39, Жамбыл облысында – 36, Оңтүстік Қазақстан облысында – 28, Астана қаласында - 27 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820  сәби дүниеге келген.

 
0
0
329

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 393 сәби дүниеге келді - Yvision.kz