Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек

Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау  деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік  және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда ойын-сауық орындары мен демалыс орындарында, сауда үйлері мен дүкендерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
390

Осы тақырып бойынша

Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек - Yvision.kz