Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне көшуді қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алатау ауданы әкімі аппаратында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» талқылауға арналған  «Жаңа кәсіби стандарт» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің, Алатау ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік  қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданған жаңа  заңдар  мемлекеттік қызметшілердің сапалық жағынан өсуіне, қызмет саласында тамыр-таныстық пен командалық ауысу  мәселелерін жоюға  өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда күшіне енген жаңа заңдар   мемлекеттік қызмет саласын өз деңгейінде жетілдіріп, қазіргі талапқа сай, халыққа сапалы, әрі тиімді қызмет көрсетуде маңызды рөл атқаратындығына тоқталды.

Департаменттің қызметкері Сайлау Оразов Қазақстан     «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметші-лерінің әдеп кодексінде» мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын   талаптарды күшейту, қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға, олардың мінез құлқының негізгі стандарттарына  толық түсініктеме берді.

Алатау ауданы бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарманың басшысы Мұрат Біржанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылы 6 мамырдағы үкіметтің кеңейтілген отырысында жариялаған бес институтционалдық реформа «100 нақты қадамда»   халықтың құқықтық мәдениетін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында   «Алимпиев» ЖШС  заңгері И. Рейх  «Жаңа кәсіби стандарт - отандық бизнестің тиімді кепілі», Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары колледжінің аға оқутышысы Қ. Бейсенбаева   «Адам капиталы заманауи кәсіби мемлекеттік аппараттың негізі», «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ш. Ризамбекова «Мемлекеттік қызметтердің кәсібилігі - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартудың маңыздылығы» атты тақырыптарда баяндама жасады.

0
0
239

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне көшуді қолдайды - Yvision.kz