Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті «ҚазСтИн» РМК бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселесін талқылау бойынша мә

Соңғы жылдары елімізде өзгерулер орын алуда. Экономикалық даму және индустриалды-инновациялық кезеңге өту экономиканың құрылымының өзгеруімен, жаңа өндіріс түрлерінің пайда болуымен және білікті жұмыс күшіне сұраныстың айтарлықтай артуымен ұласып келеді. Бірақта ол арқашанда қанағаттандырыла бермейді. Жұмыс берушілер тарапынан дайындық деңгейіне және практикалық зердесіне қойылатын талаптардың артуы еңбекке орналасуды қажет ететін мамандардың кәсіби біліктілігіне көп жағдайда сәйкес келмейді.

Осыған байланысты ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселесін талқылау бойынша мәжіліс өткізді. Бұл жиынға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі ТРМК) төрағасының орынбасары Дугалов Ғалымжан Тілектесұлы, ҚР БҒМ Халықаралық қатынастар және жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің Құрылым және әдістеме басқармасының жетекшісі Нарбекова Бану Мұқатайқызы, «Атамекен» кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының сарапшысы Исабеков Марат Ұланұлы, ТРМК құрылымдық және ведомствошілік бөлімшелері («ҰАО» ЖШС, «КазМетрИн» РМК), ЖОО және кәсіпорындардың өкілдері қатынасты.

Өз сөзінде ҚР ИДМ ТРМК төрағасының орынбасары техникалық реттеу және метрология саласында кәсіби стандарттарға қатысты тікелей жұмыс берушінің қатысуымен әзірленуі қажеттігіне тоқталды, яғни елеулі өзгерістер енгізуі қажет, нақтырақ айтқанда техникалық реттеу және метрология саласында біліктіліктің жаңа жүйесін құру және өндірістің заманауи талаптарына жауап бере алатын, осы саладағы мамандардың даярлану сапасын арттыруға бағытталған кәсіби стандарттарды әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар мәжіліс барысында Нарбекова Бану Мұқатайқызы кәсіби стандарттарды әзірлеу жүйесі мәселелері бойынша пікір алмасып, құрамы келесідегідей Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымына тоқталды: біліктіліктің ұлттық аясы, біліктіліктің салалық аясы, кәсіби стандарттар және кәсіби дайындалуын бағалау, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау. КҰП сарапшысы Марат Ұланұлы кәсіби стандарттарды әзірлеудегі өз тәжірибесімен және КҰП осы бағыттағы жұмыстарымен бөлісті.

Жұмысшы мәжіліс нәтижесі бойынша ҚР ИДМ ТРМК құзырлы мекемелердің өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласында кәсіби стандарттар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «Атамекен» КҰП бірлесе әзірленген кәсіби стандарттардың және т.б. әзірленуіне баға беру жөніндегі Дүниежүзілік банктың байқауына қатысу бойынша мәселелерді әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.

Кезекті отырыс 2016 жылдың 1 тоқсанында өткізуге жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар

және даму министрлігі Техникалық реттеу

және метрология комитетінің Павлодар облысы

бойынша Департаменті» РММ

 
0
0
1101

Осы тақырып бойынша

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті «ҚазСтИн» РМК бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселесін талқылау бойынша мә - Yvision.kz