Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Интернет желісіндегі алаяқтықтан сақтаныңыз!

Интернет желісі арқылы таралатын алаяқтықтың кең таралған түрі – ол пайдаланушыны браузердің жұмысын бұғаттап тастайтын интернет-ресурстарға (Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera және т.б.) бағыттау.
Алаяқтар бағыттаған интернет-ресурсқа өткен кезде браузер бұғатталып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының атынан, оның порнографиялық контентті көшіріп, сақтауына байланысты Заңды бұзғандығын хабарлайтын мәтін пайда болады.
Бұғатты алып тастау үшін вирус – төлем терминалы арқылы 10-15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етеді. Оны төлемеген жағдайда іс материалы прокуратураға жолданып, порнографиялық мазмұнды көшіріп, сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде жазылады.
Есіңізде болсын, мемлекеттік орган азаматтардың компьютерлерін (немесе смартфондарын) бұғаттамайды. Таратылған хабарламаға ІІМ-нің қатысы жоқ. 
Осы жағдайда қалай дұрыс әрекет жасау керек:
- бұл жағдайда төлем жасамаңыз, егер төлем жасалса, терминалдың чегін сақтап қойып, полицияға шағымдану және чекті арызға қоса ұсыну қажет; 
- бопсалаудың осындай фактілеріне тап болсаңыз аз уақыт ішінде ішкі істер органдарына шағымданыңыз;
Интернет-алаяқтары сенгіш адамдарды құрығына түсіруге тырысады.
Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін нені білу қажет:
- компьютерде күнәм тудыратын бағдарламаларды қоспаңыз (немесе смартфонда);
- күмән тудыратын мазмұндағы ресурстарға кірмеңіз (оның ішінде жарнамалық баннерлер және қозғалмалы терезелер).

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі

 
0
0
716

Осы тақырып бойынша

Интернет желісіндегі алаяқтықтан сақтаныңыз! - Yvision.kz