құрмет
Адалдық-честность
Шындықтың нұрына –ешқандай тұман қарсы шыға алмайды.
Ф.МДостоевский
Шыншылдық-адам .бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Ол өмірдің толыққанды болуына көмектеседі, себебі біздің ішкі және сыртқы «меніміз» айнадағыдай бір-бірімен шағылысады. Бұл кәдімгі теңдесі жоқ бриллиант сияқты толықтай мөлдірлік ,толықтай айқындық. Ол өте жақсы қарым-қатынасты тудырады, себебі басқаға деген сүйіспеншілікті , құрметті және үлкен сенімділікті қалыптастырады және де Әлемнің махаббатын тартады.
Адал болу-пайдакүнемдік мінезден аулақ болу.
Адал болу-өз қателігіңізді мойындап, екінші қайталамау.
Адал болу-ішкі жан дүниеңізде болып жатқан жағдайларды түсіне болу.
Патша мен бір түйір дән
Ертеде бір мемлекетте патша өмір сүріпті. Ол жасы келіп, қартайып өзіне мұрагер тауып қалдырмақшы болады. Күндердің бір күнінде патшалығындағы барлық тұрғындарды сарайға жинап, жиналған жұртқа бір түйір дәннен таратып беретінін , сол дәннен өскен ең әдемі гүлді таңдап алатынын, гүлді өсірген адамның өзінің мұрагері етіп тағайындайтыны жөнінде хабарлайды. Барлығы қолдарына дәндерін алып, енді көктемде гүлдерімен келуге уәделесті.
Сол жиналғандардың ішінде Айжиһан есімді қыз болады. Ол да дән алып үйіне келеді. Ол ең әдемі ыдыс алып , оның ішіне ең жақсы топырақ салып дәнді отырғызады. Гүлді күн көзінің жақсы түсетін жеріне қойып, күнде су қойып, батай бастайды. Бірақ, дәннің өсетін түрі жоқ. Барлық күш-жігерін жұмсайды. Бар сүйіспеншілігін аямай баптап күтеді. Көктем шықты, бірақ ыдыста өскен гүл көрінбеді.
Сонымен, уәделескен күн де келіп жатты. Терезенің жанынан қолдарына көздің жауын алатындай әдемі гүлдерін көтеріп бара жатқан адамдарға қарап, Айжиһанның көңілі түсіп қалады. Отбасындағыларға өзінің ұялатынын айтады. Сонда әкесі : «Сен қолыңнын келгенініннің бәрін жасадың. Шынайы еңбек еттің. Енді патшаның әмірін орындап, сарайға баруың қажет. Сен не өссе де көрсетемін деп уәде бердің емес пе?!»-деп айтады.
Қыз дән егілген ыдысын көтеріп сарайға кетеді. Сарайдың іші небір әдемі гүлдер мен иәстерге толып кетіпті. Айжиһан көзін төмен салып үндемей отырады.
Бір уақытта патша шығып, өзінің мұрагерінің кім екенін айтамын деп жариялайды. Патша Айжиһанның жанына келіп қолын ұстап , сарайдың ортасына алып шығады. «Міне,менің мұрагерім,ол нағыз адал тұрғын, патшалықты әділдікпен басқарады. Ал, дәнге келсек, дән қуырылған болатын, одан гүлдің өсіп шығуы мүмкін емес. Сіздердің мынадай керемет гүлдерді қайдан алғандарыңызды білмеймін . –Айжиһан сен нағыз батыл, ержүрек, адал жансың . менің алдымда шындықты жасырмадың. Жарайсың. Сені өзімнің мұрагерім етіп жариялаймын»-деді.
Құрмет-уважение
Адамның адамға деген құрметі-ізгіліктің негізі.
Уильям Годвин.
«Құрметтеңіз-сонда сіз де құрметке лайық боласыз»-бұл нағыз ақиқат. Өзін құрметтеген адам ғана өзгені қадірлей алады.
Үлкен механизмде кіп-кішкентай бұранданың маңызды рөлі бар. Сол сияқты әрбір адам осы өмірде маңызды. Әрқайсысы қайталанбас тұлға.
Кейде тіптен біреудің жағымсыз іс-әрекетін көріп қалсақ, келесі де ол өзін жақсы жағынан көрсетіп жатады. «Ол үнемі осындай іс-әрекет жасайды»,- деп төмендетіп айтып отырады. Ал, ол адамның өзі туралы да осындай сөздердің айтылатынын білсе ғой. Ұқсастық ұқсастықты тартады.
Құрмет бар жерде, өзара түсіністік бар. Өз айналаңыздағыларды және солардың әрқайсысын құрметтеңіз. Сізге біреуді түзеу керек болса алдымен ол адамға құрмет көрсетейік. Ол адамның сізбен келісуі оңайға соғады.
Арадағы қарым-қатынас қолдау мен сенімділіктің негізінде нығая түседі. Әрбір адамның ішкі жан дүниесі құрметке лайық осыны ұмытпайық, есте сақтасақ, барлығы орнына келеді.
Құрмет-ол тамаша кеңістік ,бұл кеңістік тәуелсіздікті сақтауға ,әрі айналаңа жақын болуға көмектеседі.
