Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңімпаздар оралды

11 ақпан  Алматы қаласында «Алатау» спорт кешенінде шаңғы тебу жарысы өз мәресіне жетті. Командалық эстафетада жерлестеріміз Анна Шевченко, Дарья Ряжко мен Зура Калипенова  бірінші орынды иеленді. Жеке жарыста Дарья үшінші орынға ие болды.Сонымен қатар, Анна Шевченко жарыстың барлық сынында керемет нәтиже көрсете отырып, универсиаданың үш алтын медалін иеленді.

Командалық секіруден біздің спортшыларымыз Наталья Андрух пен Зура Калипенова  екінші орынды жеңіп алды.  Осылайша, қажырлы күрес нәтижесінде қыздар тартысы командаға көптен күткен жеңісті әкелді. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы қыздар арасында шаңғы тебуден абсолютті жеңімпаз атанды.

Жерлестеріміз кеше, яғни 18 ақпан күні Павлодар қаласына ат басын тіреді. Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерін, Жастар бастамаларын дамыту орталығы және Павлодар облысының жастары ыстық ықыласпен қарсы алды.  Жеңімпаздар қуанышты әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.

Жарыс қортындысы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтының

ақпараттық сайтынан алынды.

0
0
328

Осы тақырып бойынша

Жеңімпаздар оралды - Yvision.kz