Мемлекеттік бағдарламалар -Өркендеуге бастар айқын жол

Әлемдік дағдарысқа қарсы тұрып, елімізді экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды еңсерудің бір жолы – Елбасы ұсынған мемлекеттік бағдарламаларды мүлтіксіз орындау болып табылады. Бұл қазақ елінің болашағын айқындап, дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірудің ең басты жолы. Ең әуелі, осы қаржылық дағдарыстың бетін қайтарып, дамуға бастау жолында атқарылып жатқан бес бағытты атап өтейік. Бұл да Елбасы айқындап, ұсынға аса күрделі де маңызды қаржылық және экономикалық жобалар.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауына дағдарысқа төтеп бере отырып, халықты тығырықтан алып шығудың бес бағытын ұсынды. Президенттің айтуынша, біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастап, шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруды ісін дамыту керек. Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылданды. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды. Үшіншіден, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырылуда. Парламент бұдан кейін Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету тұрғыда жұмыс істейтін болады. Оның ішінде 80-нен астам заң бар. Олар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды деп жоспарланға болатын. Қаншалықты орындап жатқаны құзырлы органдарың еншісіндегі дүние. Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадам» халқымыздың әлеуметтік экономикалық тұрықтылығын сақтап қана қоймай, ұлтымыздың тарихи, мәдени, рухани құндылықтарын дамыту жағын да қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар үшін әкімшілік кедергілер жойылып, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі де айтарлықтай жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де Елбасының бастамасымен дүниеге келген мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Қоғамға, біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді. Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық. Бесіншіден, Елбасының тапсырмалары бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы барреліне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.
Ал енді мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында өңірде атқарылған шараларға тоқталайық. Мәселен жуырда ғана Екібастұз қаласында гүл өсіретін жылышай кешені ашылды. Жылыжай кешенінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 3.2 млрд. тенге қаражат жұмсалған. Аумағы 5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінде жыл сайын 10 млн. дана гүл өсіріледі. Жылыжайдың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Бұл өндіріс ошағының тұсаукесері Елбасының ірі кәсіпорындардың жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу туралы тапсырмасын орындау болып табылады»,- деп атап өтті.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында былтыр бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласында ілгерлеушілік пайда болды. Ана сырқаты бала өлімі азайды. Атап өтейік: Тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында бірқатар емдеу мекемесі де тұрғызылды. Жыл соңында ашылған облыстық перинаталдық орталықтың жаңа корпусының пайдалануға берілуі нәтижесінде жылына 13 мың анаға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіліп, 8 мың сәбидің қолайлы жағдайда дүниеге келуіне мүмкіндік жасалды. Жалпы, өңір көлемінде 7 дәрігерлік амбулатория салынды. Көптен бері түйіні тарқамай келе жатқан әрі жастардың «бас қайғысына» айналған жатақхана мәселесі де шешімін тапты. Былтыр екі бірдей жоғары оқу орнында әрқайсысы 500 орындық жатақханалар қолданысқа берілді. Осылайша, пәтер жалдап тұратын студенттердің қатары біршама азайды. Жастардың ғана емес, павлодарлықтардың басым көпшілігін алаңдататын жағдай бұл. Себебі, бүгінде облыс көлемінде 24 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Өткен жылы қаржыландырудың барлық түрлері есебінен 17 тұрғын үй бой көтерген еді. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасады. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы 2 дәрігерлік амбулаторияның, 2 фельдшерлік-акушерлік пункттің және медициналық пункттің құрылысы жоспарланып отыр. Екібастұз қаласында 1200 орындық мектеп пен Ақсу қаласында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталуы тиіс. Качир, Лебяжі, Павлодар аудандары мен Ақсу кентінде жастарға арналған 4 жатақхана салу көзделген. Одан бөлек, 1,5 млрд. теңге әлеуметтік-мәдени нысандардың күрделі жөндеуіне бағытталмақ.
Мемлекеттік бағдарлмалардың арқасында жұмыс іздегендер жұмыс тапты, кәсіп ашқысы келгендер кәсіп ашты. Қалаған адам керегінше жеңілдетілген несиелерге қол жеткізді. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында Кешенді жоспардың шеңберінде 19 мың адам жұмыспен қамтылды. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, олардың 6,5 мыңы – тұрақты. 2015 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Облыс әкімі биыл да жұмыссыздық деңгейі осы межеден аспайды деп сендірді. Павлодар облысы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысуда. 32 отбасыға әлеуметтік келісімшарт бойынша 4 млн. теңге көлемінде ақшалай жәрдемақы берілді.
2015 жылы 46 кәсіпорынның 248 адамы жұмыстан қысқарды. Оның 193-і басқа жұмыстарға орналастырылды. Ешқайсысы жұмыссыз қалған жоқ. 5 кәсіпорынның 613 жұмыскері толық емес жұмыс күні режимінде еңбек етуде. Біздің болжауы-мызша, биыл өңірдегі 12 кәсіпорында 96 адам жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Аталған кәсіпорындардың басшыларымен сөйлестік. Мониторинг жүргізіп отырмыз. Олар жұмыссыз қалмайды. Биыл облыста 11,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның 5300-і тұрақты жұмыс орны болмақ. Мұның бәрі мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруының нәтижесінде іске асқан өңіршең жобалар.
Елбасы Мемлекеттік бағдарламалар білім саласына да айтарлықтай серпін берді. Облыстың білім беру саласы бірнеше жыл қатарынан республика бойынша көш бастап тұр. Облыста алғашқы рет Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық түлектерінің бастамасымен Павлодар облысының тумасы, Академик Бектұров атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өткізілді. «Техникалық және кәсіптік білімді қайта жаңғырту» жобасының шеңберінде Павлодар химия-механикалық колледжі Дүниежүзілік банктің 51 млн. теңге грантына ие болды. Сонымен бірге, облыстағы 6 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында «Серпін-2050 » бағдарламасы бойынша 222 студент оқып жатыр.
Марат Серікбай
