Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ спорт журналистикасы тағы бір порталмен толығады.

Қазіргі таңда қазақтілді спорт журналистерінің жетіспей жүргені жасырын емес. Телеарналардан бірді-екілі хабар жүргізіп, комментаторлық етіп жүрген аз ғана топты көргенде қынжылатындар аз емес. Спорт арналары да жоқтың қасы. Жалғыз «Қазспорт» қай жыртығымызға жамау болады?!
Оның өзі жарытып хабар таратып жүргені шамалы, тың туынды ұсынғаннан гөрі, өтіп кеткен бағдарламаларды қайталағаннан әрі аса алмай жүр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қыруар іс атқарып, Алматыда «Спорт журналистері мен комментаторларын даярлау мектебін» ашқан Рауан Оқас, Серік Ноянбайұлы және Ержан Шайжан сынды атпал азаматтар тер төгіп, 23 қыз-жігіттерден құралған топты өрге сүйреуде. Есей Жеңісұлы, Ермұхаммед Мәулен, Ержан Көшкінбай, Жандос Айтбай сияқты есімдері елге белгілі спорт комментаторлығының басы-қасында жүрген мамандар мектеп тыңдаушыларына тәлім беріп жүр. Тіпті кейбір спорт түрлері федерацияларының баспасөз хатшылары мен блогерлер де білгенін үйретуде. Бүгінде нәтиже де жоқ емес. «Алматы» телеарнасы, «Оң ТВ» сияқты белді арналармен қоса баспасөзде, түрлі сайттарда тәжірибеден өтіп, ысылып келе жатқан болашақ журналистер өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Сол мектептің ұйымдастырушыларының бастамасымен жақында спорт порталын ашу ісі қолға алынды. Оған қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтың есімі берілмек. «Әлжан» спорт порталы деп аталатын сайттың ашылуы 22-наурызда өтеді. Осы салтанатқа Мәскеуден спорт саңлағының өзі арнайы келеді деп күтілуде. Басқа да қонақтардың тізімінде атынан «ат үркетін» серкелер болады деп жоспарланған. Тек қазақша ақпарат тарататын порталды жүргізу оңай болмайтыны анық. Әйтсе де көңілдеріне сенім ұялатқан Сейдахмет пен Несіптердің ізбасарлары порталды өздері басқарып,оның әрі қарай дамуына ықпал етпек. Ашылуы мейраммен тұспа-тұс келіп тұрған сайттың оқырмандары мен тілеулестері көп боларына сенетіндер аз емес. Спорт ақпараттарын таратып қана қоймай, тілге жете көңіл бөлуді мақсат еткен топтың мойнына артыла жүк те ауыр болмақ.

7
0
1462

Осы тақырып бойынша