Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпарат алпауыттары қазақ еліне ат танбақ

Қазақстандағы Парламент сайлауына қанша мемлекеттің және халықаралық ұйымның қызығушылық білдіргені бүгін түпкілікті мәлім болады.
14 наурыз күні елімізде шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі аяқталды. Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді.
Ортсайлауком өз отырысында қабыл­да­ған арнайы қаулыға сәйкес, Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бойынша сай­лауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің өкілдеріне «халықаралық бай­қаушы» куәлігі берілді.
– Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы бар, сондай-ақ Түр­кітілдес елдердің Парламенттік ассам-
б­лея­сынан – бір, шет мемлекеттен бір бай­­қаушы аккредиттеліп отыр, – деді қау­лы жобасымен таныстырған ОСК мү­шесі Татьяна Охлопкова.
Осылайша, 12 наурыздағы жағдай бойын­ша Ортсайлауком халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің барлығы 608 байқаушысын тіркеді.
– Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД мис­сиясының 293 байқаушысы бар. Мұның сыртында тағы 9-ы – Шанхай Ынты­мақ­тас­тық ұйымының миссиясынан, 75-і – ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясынан, 3-уі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8-і – Түркітілдес елдердің парламен­тара­лық ассамблеясынан. Ал 23-і – он шет мемлекет өз бетінше жолдаған байқау­шы­лар, – деді Т.Охлопкова.
Бұдан басқа Қазақстанның Сыртқы іс­тер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді. Нәти­жесінде, 20 наурыз күні қарсаңында қазақ еліне «The Financial Times», «The Guardian» секілді атағы жер жарған алпауыт ба­сы­лымдар, сондай-ақ «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» (Достастық Елдерінің Телег­раф­тық Агенттігі), «Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктері өз жур­на­листерін аттандырмақ. Көрші елдерден де журналистердің ауқымды делегациялары келеді деп күтілуде.
Осылайша, қазіргі уақытта 725 халық­аралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақ­парат өкілі аккредиттелді.

Қазақстандағы Парламент сайлауына қанша мемлекеттің және халықаралық ұйымның қызығушылық білдіргені бүгін түпкілікті мәлім болады. 14 наурыз күні елімізде шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі аяқталды. Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді.Ортсайлауком өз отырысында қабыл­да­ған арнайы қаулыға сәйкес, Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бойынша сай­лауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің өкілдеріне «халықаралық бай­қаушы» куәлігі берілді.– Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы бар, сондай-ақ Түр­кітілдес елдердің Парламенттік ассам-б­лея­сынан – бір, шет мемлекеттен бір бай­­қаушы аккредиттеліп отыр, – деді қау­лы жобасымен таныстырған ОСК мү­шесі Татьяна Охлопкова. Осылайша, 12 наурыздағы жағдай бойын­ша Ортсайлауком халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің барлығы 608 байқаушысын тіркеді. – Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД мис­сиясының 293 байқаушысы бар. Мұның сыртында тағы 9-ы – Шанхай Ынты­мақ­тас­тық ұйымының миссиясынан, 75-і – ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясынан, 3-уі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8-і – Түркітілдес елдердің парламен­тара­лық ассамблеясынан. Ал 23-і – он шет мемлекет өз бетінше жолдаған байқау­шы­лар, – деді Т.Охлопкова.Бұдан басқа Қазақстанның Сыртқы іс­тер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді. Нәти­жесінде, 20 наурыз күні қарсаңында қазақ еліне «The Financial Times», «The Guardian» секілді атағы жер жарған алпауыт ба­сы­лымдар, сондай-ақ «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» (Достастық Елдерінің Телег­раф­тық Агенттігі), «Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктері өз жур­на­листерін аттандырмақ. Көрші елдерден де журналистердің ауқымды делегациялары келеді деп күтілуде.Осылайша, қазіргі уақытта 725 халық­аралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақ­парат өкілі аккредиттелді.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21672-a_parat_alpauyttary_aza_el_ne_at_tanba_

7
0
665

Осы тақырып бойынша

Ақпарат алпауыттары қазақ еліне ат танбақ - Yvision.kz