Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Кеш оралған махаббат... «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Илья Бешевли «Compassion»

Бейнематериал авторы – Савчук Денис «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

 
 
 

Жаралдым, адам болып жаралдым,

Абыройым бар еді намысым.

Өшпейтін сезімді, сақтадым,

Қапыда қалдыма, дауысым?

 

Сезімді, ойым ұғады,

Кетті ғой ұшып, бұрылмай.

Бірақ та, жүрек соғады,

Сағымда, жылап тоқтамай.

 

Қайтейін енді, қайтейін,

Заңына көнбей тағдырдың.

Оралдың, неге, не дейін?

Сен қайта, неге шақырдың.

 

Армансыз, адам болмайды,

Көз жасым, мұңлы түндерім.

Жалғыздық, жалғыздық сол қайғы,

Сарыға, оралған күндерім.

 

Күндерім, мұңға оралған,

Өзіңді іздеп, аңсаған.

Мен едім пенде, бағынған,

Сынаққа талай, салынған.

 

Шынына келсек, сүйемін,

Ойымда сенің елесің.

Әлі де отына күйемін,

Сенерсің, мүмкін сенбессің.

 

Қайтейін, амал бар ма екен?

Сағынып тұрып, қоштасу.

Ендігі басқа жарыңмен,

Аман бол, керек жоқ адасу.

 

Айта бер, айта бер мұңыңды,

Жүректі, жарып жатса ол.

Кешіре гөр сезім, құңыңды,

Білмедік, ендігі аман бол.

 

Неліктен, жұмсақсың жүрегім?

Зар жылап, неге өксейсің?

Бұйырсын, айтылған тілегім,

Өйткені, тағдырға не дерсің.

 

2
1
2364

Осы тақырып бойынша