Жемқорлық індет – оны жою міндет

2016 жылдың 16 наурыз күні Орал қаласындағы №26 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жемқорлық індет – оны жою міндет» атты 10 сыныптың қатысуымен сыныптан тыс шара өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.
Сабақта оқушыларға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері дәріс оқып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қай уақытта да жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру керектігін айтты. Шара соңында оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

