Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлық – демократиялық елге төнген қатер

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған.

Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық санасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО департаменті №20 мектептің басшылығымен бірлесіп, 2016 жылдың 15 наурыз күні 9-10 сынып оқушыларына «Жемқорлық – демократиялық елге төнген қатер» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.

Сабақ өту кезінде 10 сынып оқушылары сот отырысынан көрініс көрсетіп, онда жемқорлықты соттады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында жемқорлық тақырыбында жүргізілген сауалнама қорытындысы слайд арқылы көрсетілді.

Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев және «Мастер Дэнс» ЖҚБ төрағасы С.Ж.Дағаров қатысты.

Іс-шара соңында Департамент қызметкері тақырып бойынша оқушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.

   

0
0
382

Осы тақырып бойынша

Жемқорлық – демократиялық елге төнген қатер - Yvision.kz