Мазмұнға өту

Жаңа

Қызмет алу қолжетімді

«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар е-қызметін өз бетінше алып, салықтар мен айыппұлдарды жабу, коммуналдық қызметтер төлемі және тағы да басқа электрондық сервистерді қолдана алады. 2015 жылы «Connection Point» секторында 474 333 электрондық анықтамалар берілді. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128  анықтама берілді.

Сонымен қатар азаматтарға жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктің бірі ретінде  «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді.

Бөлімдерде азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде қоғамдық қол жеткізу орындары бар.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
326

Жайлы жағдай жасалуда

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына баса мән берілген.  Әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды. Облыстық  филиал,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.

Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жыл басынан бері  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 260 тапсырыс қабылданып, 385 құжат қолға берілді.

Сонымен қатар, ыммен сөйлесуді қажет ететін мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы 15 қызметкерлермен оқыту жұмыстары жүргізіліп сертификат берілді. Өткен жылдың қыркүйек айында тағы да  25 қызметкер  оқу курстарынан өтті. Халық игілігіне бағытталған жұмыстар ары қарай да жүйелі жалғасын таба беретін болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
327

Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде

Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы  төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай  елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік  ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213   қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері  –  184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
391

Жүйелі жұмыстың жемісі

Татулығы мен достығы жарасқан, тұрақтылық пен рухани келісімнің алтын бесігіне айналған  жас Қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Төл тәуелсіздігінің жиырма бес  жылында еліміз   өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті.

Тәуелсіздіктің тәтті дәмінің бірі де бірегейі-тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың қарым-қатынас тіліне айналды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін өзге ұлт өкілдерінің қатарында  мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді қалайтын азаматтардың көбейгендігі қуантады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы 2015 жылдың қорытындысына сәй»кес, мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңіп алды. Байқаудың 16 филиалдың арасында өткендігін ескерсек, бұл үлкен нәтиже.  Әрі жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың жемісі. Барлық талаптар бойынша өзгелерден озық шыққан облыстық филиалға  Құрмет грамотасы мен сыйақы табыс етілді.

«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,  тіліміздің тұғырына қонып,  тынысын кеңейткені  баға жетпес байлық емес пе?  Бір сөзбен айтқанда,  мемлекеттік тіл-баршамыздың мерей-мақтанышымыз. Мемлекеттік тіл-елдігіміздің  ең басты ерекшелігі. Мемлекеттік тіл-құтты құндылығымыз.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
442

«Электронды үкімет» порталы

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға  қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден,  қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді».

Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
560

Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды

Үстіміздегі  жылдың  қаңтар айынан бастап  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыс бойынша филиалының №1 Тараз қалалық бөлімінде   «Инвесторларға қызмет көрсету секторы» ашылып, жұмыс атқаруда.   Жаңа  секторда ағылшын тілін меңгерген 3 инспектор қызмет көрсетеді.

Сектор жұмысын жандандыру мақсатында  облыс  әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту басқармасы  мен  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесулер өткізіліп,  шетелдік және отандық инвесторларға бірлесе  қолдау көрсету туралы шешім қабылданған. Бұған қоса, инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысын күшейту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп Ынтымақтастық меморандумын бекіту жоспарланған.  Қазір бұл құжаттың жобасы талқылану үстінде.

Енді инвесторларға қажетті мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді алу үшін әртүрлі мекемелерге барудың қажеті жоқ. «Бір терезе» көмегі арқылы, бюрократиялық және әкімшілік жүктемелер біршама қысқартып, барлық рұқсаттарды және лицензияларды алуға мүмкіндік туды.

Кез-келген инвестор өзінің бизнесін кеңейткісі келсе, барлық рұқсат құжаттарын рәсімлеу немесе кеңес алу үшін жолығуына болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
312

Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады.

Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер  қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-ға өткізу қажет. Кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде бірнеше мәрте алуға шек қойылмайды. Сонымен қатар дербес несиелік есепті ХҚКО-нан басқа www.myth.kz. www.egov.kz» электрондық үкімет порталында немесе почта арқылы   алуға болады.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
367

Жаңа ғимараттың жайлылығы жоғары

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 16 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Жеке тоқталып айтқанда  4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде.  Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы  Отар ауылында  2 сектор ашылған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі жылдан жылға жақсарып келеді. Соның жарқын мысалы биылғы жылы Меркі аудандық бөлімінің жаңа ғимаратқа орналасқанын айтуға болады.

Меркі ауылындағы бұрын автобекет болған еңселі ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне ұсынылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы талапқа сай жаңа қондырғылармен және жиһаздармен жабдықталған. Жарық, жылы әрі кең күту залдарына жағалай орындықтар қойылған.

Ескі орталық тар болғандықтан, тұтынушылар күту залына сыймай, ара-тұра наразылық туындап жататын. Ал, енді  жаңа ғимаратта 20 инспектор күніне 600-700 адамға қызмет көрсете алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жасақталған.

-2015 жылы Қордай аудандық бөлімінің ғимараты кеңейтіліп, қайта жаңғырды. Бұрын бұл ғимараттың ауданы 201 шаршы метр болатын. Қазіргі таңда ол 369 шаршы метрге  ұлғайды. Сол сияқты  биылғы  жылдың басында Меркі аудандық бөлімі заман талабына сай толықтай күрделі жөндеуден өткен 317 шаршы метр  көлемдегі еңселі ғимаратқа орналасты.  Ал, бұрынғы ғимараттың ауданы  131,28 шаршы метр ғана  болатын,-дейді «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков.

Ендігі кезекте Шу және Жуалы аудандық бөлімдерінің ғимараттарын кеңейту міндеті тұр. Бұл мәселелердің де оң шешімін табатын күні алыс емес.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

0
0
464

Атқарылған жұмыстар баяндалды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда.

Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 085 қызмет көрсетілді.

Әр бөлімде азаматтарға өз бетінше дербес электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы «Электронды үкімет» порталының көмегімен, қызмет алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында, арнайы кеңес беретін қызметкерлер бекітілген. 2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436 тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам. «Connection Point» орындары арқылы 2015 жылы алынған электрондық анықтамалар саны - 474 333. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді.

Бұдан өзге шалғай елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс колемінде мобильдік топтар құрылды. Жамбыл облысы бойынша 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елдімекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

Брифинг соңында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Д.Медетбеков журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
420

18 кездесудің бәрінде жеңген қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-қа не үшін кеткенін айтты

Қазақстандық 25 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15 қатарына енді. 18 кездесуінің бәрінде жеңген спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін де айтты деп хабарлайды Азаттық.
Facebook арқылы бөлісу
Вконтакте бөлісті
18 кездесудің бәрінде жеңген қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-қа не үшін кеткенін айтты
ФОТО: АЗАТТЫҚ
1990 жылы Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылында туған Жанқош Тұраров 2004 жылдан бастап бокспен айналыса бастаған.
"Ауылда бала кезден төбелеске әуес болдым. Ауылдың қай жерінде төбелес болса, сол жерде мен жүретінмін. Мектепте де бірінші атаман болдым. Кейін әкем бокс секциясына апарып, Сағатбек Мұстаханов ағаға тапсырды. Спорттағы фундаментімді қалаған – сол кісі. Сабақтан гөрі жаттығуға барғанды қалайтынмын. Айлап сабаққа бармаған кездерім де болған", – дейді боксшы.
Жанқош Тұраров ауылында жүргенінде әуесқой бокс жарыстарына қатысып, бірді-екілі жарыста ғана медаль алғанын, көп жеңіске жете алмағанын айтады.
"Әуесқой бокста қатысқан жарыстарда жеңіс аз болды. Ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда финалға шыға алмай қатты қиналған кездер де болды. Кейін ағаларымның кеңесімен кәсіпқой боксқа ауысып кеттім", – дейді боксшы.
18 сайыстың 13-ін уақытынан бұрын аяқтаған
Жанқош Тұраров 2008 жылы Алматыға келіп, кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгере бастайды. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2009 жылы өткізіп, қарсыласын жеңген.
"2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атандым. Оған дейін Невада штатында бір-екі америкалық бокшысымен кездестім. Сол жерде бірнеше промоутер менің кездесуімді көріп, АҚШ-қа шақырды. 2013 жылы Майамиге кеттім. Қазір Қанат Ислам екеуміз Нельсон Лопестің қол астында жаттығамыз", – дейді боксшы Азаттық тілшісіне.
Ол Совет Одағында әуесқой боксқа көп көңіл бөлінгенін, соның кесірінен постсоветтік елдерде кәсіпқой бокс дамымай қалғанын айтады.
"Сол себепті кәсіпқой боксшылардың көбі әлемді бағындыру үшін АҚШ-қа кетеді", – дейді ол.
Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы карьерасында 66,7 килограмм салмақта 18 кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.
Олимпиадаға қатыспаймын
Қаңтардың 29-ы күні Нью-Йоркте бразилиялық Хоаким Карнейромен 12 раундтық кездесу өткізіп, бірінші раунд-ақ жеңіске жеткен Жанқош Тұраров 66,7 килограмм салмақта NBA (Ұлттық бокс ассоциациясы) бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Қазақ спортшысы WBA (Әлемдік бокс ассоциациясы) рейтингінде өз салмағы бойынша үздік 15 боксшының қатарына енді.
"NBA белдігінің деңгейі жоғары деп айта алмаймын. Бірақ бұл да – жетістік. Енді әлемдегі ең үздік WBA мен WBO (әлемдік бокс ұйымдары) тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа таласуым керек. Қазіргі кездесулерден табыс тауып көрмедім. Себебі мен өткізген кездесулер телеарнадан көрсетілмеді. Рейтинг көтеріп, үздік боксшылармен кездесуім керек. Сонда бокстан табыс табуға болады", – дейді спортшы.
Жанқош Тұраровтан AIBA-ның (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) кәсіпқой боксшыларды олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін шешімі жайлы пікірін де сұрадық.
"Бұл мәселеге қатысты қазір Халықаралық олимпиада комитетінің шешімі шығу керек. Бірақ олар қандай шешім шығарса да, мен олимпиадаға қатыспаймын. Барлық мақсатым – кәсіпқой бокста жетістікке жету", – дейді ол.
Қазір Қазақстанда жүрген спортшы сәуірдің ортасында 19-кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа қайтады. Ол промоутері Нельсон Лопестің командасы қарсылас спортшыны іздеп жатқанын айтты. Биыл үш-төрт жекпе-жек өткізбек жоспары бар Жанқош Тұраров «ендігі ойым – 2017 жылы әлемдік рейтингте үздік ондыққа еніп, әлем чемпиондығына таласу» дейді.

Қазақстандық 25 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15 қатарына енді. 18 кездесуінің бәрінде жеңген спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін де айтты деп хабарлайды Азаттық.
Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті18 кездесудің бәрінде жеңген қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-қа не үшін кеткенін айтты

Азаттық

6
0
742