Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды

Үстіміздегі  жылдың  қаңтар айынан бастап  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыс бойынша филиалының №1 Тараз қалалық бөлімінде   «Инвесторларға қызмет көрсету секторы» ашылып, жұмыс атқаруда.   Жаңа  секторда ағылшын тілін меңгерген 3 инспектор қызмет көрсетеді.

Сектор жұмысын жандандыру мақсатында  облыс  әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту басқармасы  мен  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесулер өткізіліп,  шетелдік және отандық инвесторларға бірлесе  қолдау көрсету туралы шешім қабылданған. Бұған қоса, инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысын күшейту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп Ынтымақтастық меморандумын бекіту жоспарланған.  Қазір бұл құжаттың жобасы талқылану үстінде.

Енді инвесторларға қажетті мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді алу үшін әртүрлі мекемелерге барудың қажеті жоқ. «Бір терезе» көмегі арқылы, бюрократиялық және әкімшілік жүктемелер біршама қысқартып, барлық рұқсаттарды және лицензияларды алуға мүмкіндік туды.

Кез-келген инвестор өзінің бизнесін кеңейткісі келсе, барлық рұқсат құжаттарын рәсімлеу немесе кеңес алу үшін жолығуына болады.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

0
0
277

Осы тақырып бойынша

Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды - Yvision.kz