Жүйелі жұмыстың жемісі
Татулығы мен достығы жарасқан, тұрақтылық пен рухани келісімнің алтын бесігіне айналған жас Қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Төл тәуелсіздігінің жиырма бес жылында еліміз өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті.
Тәуелсіздіктің тәтті дәмінің бірі де бірегейі-тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың қарым-қатынас тіліне айналды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін өзге ұлт өкілдерінің қатарында мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді қалайтын азаматтардың көбейгендігі қуантады.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы 2015 жылдың қорытындысына сәй»кес, мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңіп алды. Байқаудың 16 филиалдың арасында өткендігін ескерсек, бұл үлкен нәтиже. Әрі жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың жемісі. Барлық талаптар бойынша өзгелерден озық шыққан облыстық филиалға Құрмет грамотасы мен сыйақы табыс етілді.
«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тіліміздің тұғырына қонып, тынысын кеңейткені баға жетпес байлық емес пе? Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тіл-баршамыздың мерей-мақтанышымыз. Мемлекеттік тіл-елдігіміздің ең басты ерекшелігі. Мемлекеттік тіл-құтты құндылығымыз.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
