Қызмет алу қолжетімді
«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар е-қызметін өз бетінше алып, салықтар мен айыппұлдарды жабу, коммуналдық қызметтер төлемі және тағы да басқа электрондық сервистерді қолдана алады. 2015 жылы «Connection Point» секторында 474 333 электрондық анықтамалар берілді. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді.
Сонымен қатар азаматтарға жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктің бірі ретінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді.
Бөлімдерде азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған.
Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде қоғамдық қол жеткізу орындары бар.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
