Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!
Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы! 1-сурет. Самарқандтағы Шердор медресесін Жалаңтөс баһадүр 1619-1636 жылдары салдырған. Кішкентай кезімізде үлкен кісілер «Самарқандтың көк тасы еріді», енді міне Наурыз келді деп айтатын. Шынында ол сөзді тура мағынасында қабылдайтын едік. Кейін есейе келе зер салып қарасам, бірнеше мағынасында қолданылады екен. 2-сурет. Самарқандтың көк түсті қабырғалары. 1. «Самарқандтың көк тасы еріді» деген сөз тас екеш тастың өзі жібіді, ал адамдар бір біріне мейірімін төксін деген мағынада деп түсінемін. 3-сурет. Әмір Темір империясының орталығы - Самарқанд қаласы. 2. Тағы бір мағынасы былай деп айталады. Ескі бір заманда Мәуреннахрды билеген бір қазақ билеушісі (бәлкім, Жалаңтөс баһадүр болар) Наурыз күні өз тағынан түсіп, кез келген қарашы…
































