Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде
Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды.
Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері – 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
