Электрондық цифрлық қолтаңба
Қазақстан Республикасының “Электрондық үкіметін” пайдаланушыларға кейбір мемлекеттік қызмет түрлеріне электрондық цифрлық қолтаңба керек. Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Қарапайым ғана мысал, кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба –қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. Тағы бір айта кетерлігі, ЭЦҚ тегін беріледі және мерзімі 1 жыл уақытқа жарамды.
2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436 тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
