Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Көкше» академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды және талқыланды.

2016 жылдың 6 сәуірі күні «Көкше» академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі  - Департамент) басшысы Қ. Жапақовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша модельдік оқу бағдарламасын талқылау жөніндегі диалог  алаңы өткізілді.

Іс-шараға «Көкше» академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Диалог барысында іс-шараның спикері Қ. Жапақов Пәннің студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты,  мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанына,  қазіргі замандағы «сыбайлас жемқорлық» ұғымының   сан қырлылығына  қатысушылардың назарын аударды.

«Талқыланып отырған пән бойынша отандық әдістемелік құралдардың аса  жеткіліксіздігін атап өту керек деп санаймын.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе» тақырыбын біздің менталитетті ескере отырып жеке тарау ретінде қарастыру қажет», - деп, тарих ғылымдарының кандидаты                                С. Садықов  өз сөзін түйіндеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің тұсаукесері мен талқылануының қорытындылары бойынша диалог алаңына қатысушылар аталған тәжірибені жалғастыру және пәнді оқытуды мүдделі мемлекеттік органдардың,  мекемелер мен  ұйымдардың мамандарын тарта отырып  жетілдіру туралы шешім қабылдады.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

0
0
504

Осы тақырып бойынша

«Көкше» академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды және талқыланды. - Yvision.kz