Сирияның «Шамы» қашан жанады?!
1-cурет. Еуропаға жетуге тырысып жатқан Сирия босқындары. «Араб көктемі» ең бірінші Солтүстік Африкадағы Тунис мемлекетінде басталған еді. 1956 жылы Франциядан тәуелсіздігін жариялаған Тунисті Хабиб Бургиба басқарған болатын, кейін 1987 жылы премьер-министр лауазымына Хабиб Бургиба тағайындаған Зин эль-Абидин Бен Әли кейін билікті өз қолына алады. Ал, оның тақтан таюына араб елдерінің ішінде алғаш рет осы елде басталған «Араб көктемі» (Туниске қатысты «Жасмин революциясы» деп аталады) әсер етті. Ел халқының жағдайы нашарлағаны, сыбайлас жемқорлықтың күшейгені сондай мемлекеттің жұмысқа тұрмаған, жұмыссыз адамдарының саны 13-15 процент болғанымен, осы кезеңде жоғары оқу орнын бітіре тұрып, жұмысқа орналаса алмаған жастардың үлесі 60 процентке жеткен. Мұхаммед Буазиди атты жігіттің өзін өзі…









