Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкенттегі Абай саябағы

Шымкентте серуендейтін жерлер көп.Солардың бірі қаламызда орналасқан Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы.Бұл жер жасыл желектің көптігімен ерекшеленеді.Демалыс бағы заман талабына сай абаттандырылып, көркем гүлдермен көмкерілген.Жарық жүйелері, орындықтар және басқа да көркейту жұмыстары жүйеге қойылған.Мұнда газонды басуға болмайды.Итпен серуендеуге қатаң тиым салынған.

Демалыс бағына кірген сәтте қазақтың бас ақыны Абай атамыздың ескеркішіне көзіңіз түседі.Төрден орын алған ойшыл бабамыз қонақтарға «Қош келдіңдер»,-деп тұрғандай көрінеді.

Мұндағы көз тартар әдемі көріністер көздің жауын алады. Тартымдылығымен өзіне баурай түседі.Сол үшін де демалыс бағын аралап, серуен құрған тұрғындар көп.Қыздар сыр бөлісер құрбысымен, студент жастар достарымен,үлкендер туыстарымен келеді.Өмірге бірлесіп қадам басқан бақытты жұптар саябақтың негізгі қонақтары.

Саябақ аумағында тәрбиелік мәні зор Хәкім Абай мұражайы орналасқан.Жалпы көлемі 490 шаршы метр.Қорында 400 ге жуық жәдігер жинақталған.Мәдени орынның мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.Сонымен бірге Абай мұралары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке үйрету.

Мұнда серуендеуге барлық жағдай қарастырылған.Спортты жанына серік еткендер үшін арнайы орындар бар.Саябақтың тағы бір ерекшелігі түрлі көлік құралдарымен серуендеуге болады.Велосипед жалға беріледі.Бұл көлік құралы көңілді сергітеді әрі денсаулыққа пайдалы.Оны айдаған кезде аяқ-сан бұлшық еттері жұмыс істейді.Сонымен бірге іш, жамбас, балтыр мен тобық жаттығады.

Көпшіліктің көзайымына айналған көрікті мекен кез келген адам үшін есігін айқара ашады.Бұл жерде жаныңыз жай тауып, едәуір сергіп қаласыз.Сондықтан әдемі демалысты қаласаңыз, саябаққа келіп тұрыңыз.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ

https://www.youtube.com/watch?v=LyX7tq9AKJc

0
0
7113

Осы тақырып бойынша

Шымкенттегі Абай саябағы - Yvision.kz