Облыстық қазақ драма театрындағы семинар-кеңес

2016 жылдың 6 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театрында мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселелері қозғалды.
