Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаламыздың аты көркіне сай болуы өз қолымызда

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады....», - деген болатын.

Сәуір айының бас кезі Көкшетау қаласында дәстүрлі «таза бейсенбіліктер» кезеңі. Қаланың барлық шағын аудандарында көшелерімізді, саябақтарымызды және тұрғын кварталдарымызды қыс бойы жиналған қоқыстан тазартып, қаламыздың келісті келбетін келтіруге  бағытталған шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті де бұл игілікті істен қол қусырып, шетте  қалған жоқ.  Департамент қызметкерлері іргелес орналасқан гүлзарларды ретке келтіріп, ағаштарды әктеді,  көшені қоқыстан тазартты.

Департамент басшысы Қ. Жапақов қызметкерлердің азаматтық ұстанымдарын, туған қалаға деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштігін атап өтіп, олардың  «таза бейсенбілікке» белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

   

0
0
512

Осы тақырып бойынша

Қаламыздың аты көркіне сай болуы өз қолымызда - Yvision.kz