Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да «Құқықтық мемлекет: елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

2016 жылдың 11 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті бастамасымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мемлекет: елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға ғалымдар, мемлекеттік мекеме басшылары, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, БҚО бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Конференцияда ҚР МҚІМ БҚОД басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, «Заман» БҚО өндірушілер қауымдастығы» ҚБ төрайымы А.Туркина,  Жәңгір хан БҚАТУ аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Хайдаров, заң ғылымдарының магистрі Ш.Аймукашева, студент А.Рау баяндамалар жасады.

ҚР МҚІМ БҚОД басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты баяндамасында, Департаментпен атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, мәселені шешудегі ғылыми көзқарасқа тоқталды.         Мемлекеттік басқару саласындағы бірнеше кітаптар авторы М.Нұртазин сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға аталған саланы реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігін атап өтіп, сонымен қатар оны одан әрі дамыту шаралары азаматтық қоғамның белсенділігін қажет ететіндігін баяндады.

Жарыссөзде «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Қожжанов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мерғалиевтер пікір білдірді.

Конференция жұмысына қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Сонымен бірге, конференция барысында балабақша, мектеп, колледж, университет, мекеме және кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту шараларын  өткізу мәселелері талқыланды.

 

0
0
442

Осы тақырып бойынша

БҚО-да «Құқықтық мемлекет: елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді - Yvision.kz