Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО-ның мемлекеттік қызметшілері Оралхан Бөкей оқуларында сынға түсті

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың желілік жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың шарттары мен талаптарына сәйкес жазушы Оралхан Бөкейдің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқу мен мәнерлеп өлең оқу тапсырмалары берілді.

Шараға қатысушылардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Жахин мүшелік етті.

Дәстүрге айналған бұл байқауда мемлекеттік қызметшілер алғаш рет қатысып отырса да, үміткерлердің өнерлерін бағалау қазылар тарапынан оңайға соқпады.

Сайыс қорытындысы бойынша сахна мәдениеті және көркемсөз оқу шеберлігімен қатарластарынан озған Уәлиханов ауданынан келген әріптесіміз Ақмарал Көкенай бас жүлдені иеленсе,  Тайынша ауданының намысын арқалаған Әсел Жүнісова ІІ орынға қол жеткізді. Ал Мамлют ауданының маманы Бибігүл Темірбекова ІІІ орыннан көрінді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
0
0
1842

Осы тақырып бойынша

СҚО-ның мемлекеттік қызметшілері Оралхан Бөкей оқуларында сынға түсті - Yvision.kz