Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сүйінші,павлодарлықтар!

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніңдегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ қолдауымен «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері Абзал Қабдраш пен Мәрес Байрон 18 сәуір күні  Алматы қаласына студенттер арасында республикалық ақындар айтысына аттанған болатын.  20 сәуір күні өткен айтыста Мәрес Байрон өзінің әдемі өнерін көрсетіп, 1 ұпай жетіспегінен финалға өтпей қалды. Ал, біздің жерлесіміз, мақтанышымыз, ақын Абзал Қабдраш І орынды қанжығасына байлады.

Бас жүлде - Айтбек Тұрсынбаев (Алматы)

Бірінші орын - Абзал Қабдраш (Павлодар)

Екінші орын - Алтынбек Ибрагимов (Алматы)

Үшінші орын - Айдана Қайсарбек (Алматы)

Абзалды  «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» ұжымы және «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері шын жүректен құттықтайды. Шығармашылықта үлкен жетістіктерді тілейміз.Мәрестің жеңістері әлі алда, биік белестерді бағындыра беріңіздер.

 
1
0
763

Осы тақырып бойынша