Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады...
2016 жылдың 20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Департаменттің бастамашылық етуімен облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару қызметінің өкілдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның негізгі бөлімінде Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев жоғары оқу орындары студенттеріне реформа жағдайында мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы айтты. Сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінің өкілдері Жұмысқа орналасу мәселесі тақырыбында диалог алаңшасын өткізді
Іс-шараның соңында биылғы жылдың түлектері мемлекеттік қызметте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген бұрынғы жылдардың түлектерімен кездесті. 
