Алға,Гена!
Бүкіл қазақстандықтар секілді Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекті асыға күтудемін.Генаның өзінің жас қарсыласы Уэйдқа қарағанда тәжірибесі мол және потенциалы әлдеқайда жоғары.Сол себепті,Гена қарсыласын оңай және сенімді ұтады деп ойлаймын.
Американдық Доминик Уэйд туралы не білеміз? Уэйд орта салмақ категориясында өнер көрсететін,әлі ұтылмай келе жатқан боксшы.Профессионалды карьерасында 18 жекпе-жектің 12-інде өз қарсыластарын нокаутқа түсірген.Бұл жақсы көрсеткіш,сондықтан ол осы статистикасына тағы бір жеңіс қосу үшін соңына дейін бокстасады.Бүкіл әлем бойынша Головкинның көптеген жанкүйерлері қызықты жекпе-жекті күтіп жүр және көптеген пікірлер алмасуда.Уэйдтың жекпе-жектеріне қарап оның мықты жақтарын айтатын болсам,оның шабуылдау стилі,техникасы және жылдамдығы жоғарғы деңгейде.Бірақ Генаны мұнымен таң қалдыра алмайсың! Жоғарғы деңгейде бокстасатын қаншама қарсыластармен кездесіп,бәрін де утып шыққан GGG қазір оптималды формада.Генаның жоғарғы деңгейдегі техникасы,физикалық параметрі және соққы күші өте мықты. Ол екі қолымен де өте ауыр ұрады. GGG нағыз нокаутер! Бұл кездесуде әрине Головкин фаворит.Уэйдтың қанша раунд шыдай алатыны Генаға байланысты болатын сияқты.Егер GGG кездесуді белгілі бір раундқа дейін жоспарлап қойса,жекпе-жек жалғаса береді.Бәрі Генаның қалауы бойынша болады деп ойлаймын.
WBA(Super),IBO,WBC(Interim) және IBF версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин(34-0,31 KO) мен Доминик Уэйд(18-0,12 KO) арасындағы жекпе-жек 24 сәуір күні,Астана уақыты бойынша 07:20 да басталады.Бұл қызықтан құр қалмайық қазақтар!)) GGG ALGA!)
