Мазмұнға өту

Жаңа

FM радиосының тыңдармандарына сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөнінде айтылды

2016 жылдың 20 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин облыстық радио толқынының «Заң аясында» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлық профилактикасы және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде сөз етті.

Өз кезегінде, радиотыңдармандар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бағдарлама қонағы оларға нақты жауаптар берді.

0
0
247

Сүйінші,павлодарлықтар!

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніңдегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ қолдауымен «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері Абзал Қабдраш пен Мәрес Байрон 18 сәуір күні Алматы қаласына студенттер арасында республикалық ақындар айтысына аттанған болатын. 20 сәуір күні өткен айтыста Мәрес Байрон өзінің әдемі өнерін көрсетіп, 1 ұпай жетіспегінен финалға өтпей қалды. Ал, біздің жерлесіміз, мақтанышымыз, ақын Абзал Қабдраш І орынды қанжығасына байлады. Бас жүлде - Айтбек Тұрсынбаев (Алматы) Бірінші орын - Абзал Қабдраш (Павлодар) Екінші орын - Алтынбек Ибрагимов (Алматы) Үшінші орын - Айдана Қайсарбек (Алматы) Абзалды «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» ұжымы және «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері шын жүректен құттықтайды. Шығармашылықта үлкен жетістікте…

1
0
769

Заманауи құлдықтың түрлері

Заманауи құлдықтың түрлері Адам күнделікті күйбең тіршілікпен жүре беріп, жасанды құлдықтың құрбаны болып қалғанын аңғармай қалады. Орысша айтқанда, «как белка в колесе». Алдымыздағы туындаған мәселелерді көреміз де, ал жан-жағымызға күдікпен көп қарамаймыз. Жақында осы жайлы бір мақала оқыған едім. Расымен де таң қалдым. Сондықтан сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Ендеше «5 заманауи құлдықтың түрлері»:1. Несие картасы Қалаған затыңды алуға қолың жетпесе, «ең төменгі төлемде» сатып ала аласың, дегенді ести салысымен, Әсет несие алуға жабысады. Ол несиені бірден жаба алмайды, себебі жалақысының 50%-ы қарыз өтеумен кетіп қалады. Ал алда әлі сатып алу керек дүние өте көп. Қызық факт: Әсет көптен бері өзінің бизнесін ашқысы келіп жүр. Араманын жүзеге асыру үшін жалақысынан жылына 30%-ын ұстап от…

0
0
1001

Алға,Гена!

Бүкіл қазақстандықтар секілді Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекті асыға күтудемін.Генаның өзінің жас қарсыласы Уэйдқа қарағанда тәжірибесі мол және потенциалы әлдеқайда жоғары.Сол себепті,Гена қарсыласын оңай және сенімді ұтады деп ойлаймын. Американдық Доминик Уэйд туралы не білеміз? Уэйд орта салмақ категориясында өнер көрсететін,әлі ұтылмай келе жатқан боксшы.Профессионалды карьерасында 18 жекпе-жектің 12-інде өз қарсыластарын нокаутқа түсірген.Бұл жақсы көрсеткіш,сондықтан ол осы статистикасына тағы бір жеңіс қосу үшін соңына дейін бокстасады.Бүкіл әлем бойынша Головкинның көптеген жанкүйерлері қызықты жекпе-жекті күтіп жүр және көптеген пікірлер алмасуда.Уэйдтың жекпе-жектеріне қарап оның мықты жақтарын айтатын болсам,оның шабуылдау стилі,техникасы және жылдамды…

1
0
441

Жеткізейін, қалай саған сезімді? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романтическая прелюдия» Бейнематериал авторы – Beliar «Природа» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Самал жел боп, келсем бе екен, мен саған, Бір көтеріп, көп сағынған еңсемді. Сағынышта, сені іздеп сарғайған, Мынау жаным, тағы іздейді көктемді. Жаңбыр болып, келсем бе екен, мен саған, Нөсерлетіп, гүл жайнатып, бар маңды. Жұпар иіспен, талайларды мас қылған, Пай шіркін-ай, бағалайық, сүйген жанды. Әлде саған, келсем бе екен, ай болып, Қараңғыда, ақ нұрыммен аймалап. Қалмаса екен, гүл сезім, бақта солып, Шын сезімсіз, қараңғыда қалтырап. Болмайыншы, өзен болып, көп көрген, Ағып жатқан тоқтамай, тағдырлардай. Өйткені, мен бір жанмын, шын сүйген, Тұрағы жоқ…

1
1
517

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам адамның улануына кінәлі болған аспаз сотталды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны және көрiнеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін айыпталған Т. Лайдыкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynda-zhuzden-astam-adamnyn-ulanuyna-kinli-bolgan-aspaz-sottaldy

0
0
385

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов С. Төрегелдиннің төрағалық етуімен өткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты. Кеңестің жұмысына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Б.А. Палымбетов, қалалық әкімдіктің өкілдері, Ақмола облысының мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру барысындағы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайтудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Қоғам өкілдерінің орындалатын жоба мен атқарылатын ресімдер туралы ақпаратқа қолжетімділігін жақсарту арқылы о…

0
0
458

Теңіз жаяу әскері

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Патриот» клубының ұйымдастыруымен теңіз жаяу әскерінің подполковниктерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге мектеп оқушылары, теңіз әскерінен қызығушылық танытқан студенттер қатысты.

Кездесуге арнайы Аленов Темірболат Мұсабекұлы, Садвақасов Мұрат Мақсұмұлы шақырылып, сүбелі әңгіме құрды. Оқушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасты.

Жиналған қауымға «Алдаспан» ақындар клубының ақыны Ерасыл Бейбіт өзінің ән шашуын арнап, көпшіліктің көңілін көтере білді.Меймандар бастан кешкен қызықты әрі қиын күндерін еске алып, тәжірибелерімен бөлісті.

1
0
604

БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин «Қазақстан Республикасы Президентінің жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдау жөніндегі комитетінің» облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған баспасөз мәслихатын өткізді. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаментінің басшылығы да қатысты. Кездесуді ашқан Комитеттің облыстық филиалының жетекшісі А.А. Тыртышный БАҚ өкілдерін қызметтерінің басым бағыттарымен таныстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, ведомство жұмысының стратегиялық бағыттарына тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқық б…

0
0
797

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады...

2016 жылдың 20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Департаменттің бастамашылық етуімен облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару қызметінің өкілдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараның негізгі бөлімінде Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев жоғары оқу орындары студенттеріне реформа жағдайында мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы айтты. Сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінің өкілдері Жұмысқа орналасу мәселесі тақырыб…

0
0
641