Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы пікірсайыс

2016 жылдың 21 сәуірінде  «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбие  жұмысы орталығында Бурабай ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының қолдау көрсетуімен облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында  «Бұл палата  жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты, тиімді механизмін ұсынады» тақырыбындағы аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – Бурабай ауданында дебат қозғалысын дамыту, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қалыптастыру үдерісіне  қатыстыру, қазақстандық қоғамда орын алып отырған  өзекті проблемалық ахуалдарды жариялы түрде талқылау және талдау арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру және жастардың қоғамдық    белсенділіктерін арттыру.

Турнирдің қорытындысы бойынша жүлдегерлерге, сондай-ақ «Үздік спикер» атағын иеленген  жеңімпздарға грамоталар, сертификаттар табысталды, арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен мараппаталды.

0
0
1157

Осы тақырып бойынша