«Жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстелі

2016 жылдың 20 сәуірінде Бурабай аудандық кітапханасы облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға атқарушы билік органдарының қызметкері Е. Ибраев қатысты. Сындарлы сұхбат барысында баяндамашы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде жүргізіліп отырған жұмыстар туралы айтып берді және жиналғандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Индустрия, туризм және сервис колледжінің студенттері пікірталасқа белсенді түрде қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар бейнероликтермен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.
Іс-шараға 30 адам қатысты.
