Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік салмақ жүгін жою

Ағымдағы жылғы 21 сәуірде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңеске қатысты.
Семинар шеңберінде облыстық прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстандық авторлық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері кәсіпкерлерге террористік жақтан әлсіз нысандардың иелерінің лаңкестікке қарсы қорғаушылықты және кәуіпсіздік деңгейінің қажетті сақталуын қамтамасыз ету бойынша орындамаушылыққа жауапкершілік туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс, авторлық және қосарлы құқықтар жөнінде ақпараттандырды.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі М.Қ. Қасымов мемлекеттік және квазимемлекеттік субъектілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілік кедергілерді жою бойынша өткізілген жұмыстар туралы баяндады, сонымен қатар семинар қатысушыларына мемлекеттік қызмет көрсетуде жиі кездесетін мәселелер, қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарының жеке бұзылу жағдайлары туралы мәлімдеді. Онымен мемлекеттік органдардан заңмен қарастырылмаған қызметтерді алу кезінде қажетті түсіндірмелер алу үшін мемлекеттік қызмет істері департаментіне жүгінуге ұсыныс берілді.
Семинар аяқталғаннан кейін, бизнес қауымдастығының өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен уақытында берілуіне өтініштері үшін Департаменттің байланыс телефоны ұсынылды.
