«Ойлы болсаң озып көр»

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы және «Алматы облыстық жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қалалық филиалымен бірлесе «Жастар Отанға» партиялық жобаны жүзеге асыруға «Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турнирінің 1/8 финалы өткізілді. Шараға жоғары оқу орындары, мектептен құрылған 6 команда қатысуда, олар Талдықорған политехникалық колледжінен «Болашақ» командасы, Агро-техникалық колледжінен «Зиялы қазақтар», Ө.Жолдасбеков атындағы академиядан «Ө.Жолдасбеков», №24 лицейден «мектеп оқушылары» және «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған «Жас саясаткер» саяси мектебінің 14 тыңдаушылары «Саяси мектеп» командалары қатысты. Пікір-таластың басты мақсаты жастар арасындағы Елбасымыздың Қазақстанға жолдаған Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Даму, Реформалар және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жастар арасында тереңнен насихатап болашақ жастарды отан сүйгіштіке патриоттық ұлт жанашыр болуына септігін тигізу. Пікір – сайыс Американдық форматта өткізіледі және де келесі турға жолдама алу үшін Линкольн-Дуглас формата өткізіледі. Еске сала кетсек, «Ойлы болсаң озып көр» атты пікір сайыс 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, іріктеу турына 8 команда ұсыныс беріп 1/8 финалына 6 команда жолдама алған болатын. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» озған командалар 1/4 ширек финалға жолдама алатын болады.
