Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Қоғамда орын алып отырған жағымсыз оқиғаның барлығын ду еткізіп көтеріп, халық болып жабылып жамандап, екіге бөлініп таласып-тармасуға мәстір болып алдық қой. «Заманыңа қарай бөркіңді ки» демекші алдап-арбап, жалынып-жалпайып, жағымсынып өмір сүретіндердің қатары да көбейіп бара жатқан сияқты. Дегенмен, ешкімге жар салмай көмек қолын созып, ақшалай жәрдем көрсетіп жүрген атымтай жомарт аға-апайларымыз барын неге ескермейміз? «Жамандықты жасырып, жақсылықты асырып» деген сөз мағынасын жоғалтып, керсінше болып бара жатқаны ма? Әлде өзіміз ешкімге көмек көрсетіп жатпағандықтан өзгенің жақсылығын елегіміз келмейді ме?
Қамқоршысы жоқ баларға, мүгедектерге, қоғамдық орындарға, мекемелерге, мектептерге өз қалтасынан қаржы шығарып көмектесіп жатқан жомарттар қаншама. Солардың бірі білім ордасына көмек көрсетіп, сыныптарын парта, орындық, шкаф, интерактивті тақталар, мен компьютерлермен жабдықтап, күрделі жөндеуден өткізуге дейін көмек көрсетіп жатқан ағаларымыз бар. Жақсы білім алу үшін, білім ордасында жағдай жасалып, жабдықтары жеткілікті, кітабы толық болса уайымсыз бала да білімге бейім болатыны анық. Жылына бір рет көрсететін көмектен еншіміз кенделенбес. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпіріде қызмет жасап жатқан қалталы ағаларымыз бен апаларымызға өз артарыңызда жақсы пікір мен ерекше құрмет қалтырғыларыңыз келетін болса осындай көмектеріңізді аямауларыңыз керек деп ойлаймын. Өз кезегінде оқушыларға да баға жетпес көмек болар еді. Қолы ашық жомарт жандар аман болсын.
