Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Диқанкөл қымызы» деген бренд қалай пайда болды?

Брендтің негізін салған менің туған бөле әпкем Жұпар Құлсейітова.
1970 - 1990 жылдардың аралығында "Диқанкөл - Шымкент" деген жолаушылар автобусы қатынады.
Автобустың жүргізушісі Сайлау Құлсейітов еді.
Колхоздың мардымсыз жалақысының жағдайы белгілі. Сайлау аға Құлсейіт ақсақалдың тұңғышы еді. Өзінен кейін іні-қарындастары баршылық. Бәрін аяққа тұрғызу керек. Өздерінде шиеттей бала-шаға... 
Автобус ауылдан қалаға қарай таңғы 6 жарымда шығатын. Сайлау аға жас келіншегі Жұпарды қымыз толтырылған местерімен "Қырғы базардан" тастап кететін. 2 сағаттан кейін автовокзалдан қайтар жолда қымызын базардағы алыпсатар саудагерлерге көтересіне беріп, үлгерген келіншегін алып ауылға қайтатын.
Осы еңбекқорлықтарының арқасында іні-қарындастарын аяқтандырды. Бірте-бірте інілері де осы кәсіппен айналыса бастады. Балаларының бәрін оқытты-шоқытты. Ең бастысы балалары шетінен еңбекқор болып өсті.
Бір ұлы Жанбатыр Құлсейітов шабандоз болып, көп жыл көкпардан Республика құрамасы сапында өнер көрсетті. Қазір облыстық ұлттық спорт мектебінде жаттықтырушы. Аударыспақ спортынан Халықаралық дәрежедегі төреші...
***
Өкінішке қарай, қазір облыстағы қымыз біткеннің бәрі "Диқанкөл қымызы" аталып жүр..

0
0
1832

Осы тақырып бойынша

«Диқанкөл қымызы» деген бренд қалай пайда болды? - Yvision.kz