Гарри Поттер және философиялық тас кітабының аудармасының үшінші бөлімі
ҮШІНШІ БӨЛІМ БЕЛГІСІЗ ХАТТАР Бразилиялық боаны құтқарғаны үшін Гарри өміріндегі ең ұзақ жазаға тап болды. Шоланнан қайта шығуға рұқсат берілген кезде жазғы демалыс басталып кеткен болатын. Дадли болса, жаңа бейнекамерасы мен алыстан басқарылатын ұшағын сындырып үлгеріп, онымен қоймай, бірінші рет бәйге велосипедіне отырғанда, Привет Драйвтың бойымен балдақпен сүйрелеңдеп бара жатқан қартайған Фигг ханымды аяғынан құлатып та үлгерген еді. Гарри оқу біткеніне қуанышты еді, дегенмен бұл жағдай оны үйге күнде жетіп кеп тұратын Дадли шайкасынан құтқармайтын. Пирс, Деннис, Малкольм және Гордон таңдаудан өткендей топас әрі еңгезердей дәу болатын, дегенмен арасындағы ең топас әрі семізі Дадли болғандықтан, ол шайканың бастығы саналатын. Олардың бәрі Дадлидің ең жақсы көретін спорты ‘Гарриді аулау…