Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жүрекке тіл бітсе...

Сәлеметсіздер ме, достар! Атым Мейрамгуль, Алматыданмын. Өзімнің жүрегімнен шыққан өлеңдерімді сіздермен бөліскім келеді...

Мына өлеңім қырықтан асқан оқырмандарға ой салама деп жазып отырмын.

 

Солайда солай, қарағым,

Қырықтан асып барамын.

Отызда бұзбай орданы,

Қырықта бұзбас қамалын.

Кейде отырып өзіме,

Сансыз сұрақ қоямын.

Мына жалған өмірде,

Не бітірдің, не ұттың,

Айтшы кәне жауабын?

Жауап таппай қиналам.

Қалың ойға шырмалам.

Қара өлеңге жүгінем,

Таусылған соң амалым.

Керектісін алар деп,

Ақылды болса ұлдарым.

Қуанамын ұрпаққа,

Пайдасы болса жазғаным.

           
0
0
367

Осы тақырып бойынша

Жүрекке тіл бітсе... - Yvision.kz