Жаңа
Қызылордада полиция қызметкерлері оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Қазіргі таңда барлық білім беру орындарында өткізілетін «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастырып, автокөлік жарыстыруы дәстүрге айналып барады. Бұл тек жолдағы кедергілерге ғана емес, жол қозғалысына қатысушы басқа да тұлғалардың қауіпсіздігіне кері ықпал етіп, апаттылық жағдайдың жоғарылуына себеп болып отыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың 23 мамырында Қызылорда қаласындағы №101 орта мектептің мәжіліс залында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаукеевтің, Қызылорда қалалық Білім беру басқармасының басшысы А.Есжановтың, сонымен қатар, мектеп директорлары мен ата-аналар комитеті төрағаларының, полиция қызметкерлерінің қатысуымен жиын болып өтті.
Жиында бітіруші түлектердің автошеру өткізуіне тыйым салу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдағы апаттылық жағдайының алдын алу мәселелері қозғалды. Оқу жылының аяқталуына байланысты қала мектептерінде өткізілетін соңғы қоңырау, Ұлттық бірыңғай тестілеу, бітіру кештеріне қатысты өткізілетін шаралар барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп жұмыстар жасап, соңғы жылдары бәсеке мен дабыраға айналған автошеру мәселесіне тоқтам салу қажеттігін сөз етті.
Жиын барысында сөз тізгінін Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаукеев алып, 25 мамыр - «Соңғы қоңырау» күні қарсаңында Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспар жасап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар бергендігін хабарлады. Сонымен қатар, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің сол күндері төтенше жағдайларға жол бермеу үшін оқушылар мен бітіруші түлектерге түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында жиналғандар күн тәртібіндегі тақырып төңірегінде пікір алысып, ұсыныстарын білдірді. Жиын жасөсіпірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпсіздіктің алдын алу бағытында бірлескен түрде тиісті шаралар атқаруға ұйғарым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Электрондық карта балаларды педофилдерден қорғауға көмектеседі
Бейбіт Шүменов — қос салмақта да әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов отандық кәсіпқой боксшылар арасында бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұған дейін жартылай ауыр салмақта сынға түсіп, әлем чемпионы атанған Бейбіт кеше ғана Лас-Вегастың шаршы алаңында америкалық Джуниор Райтты 10-раунда техникалық нокаутпен жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белдігін иеленді. Күні бүгінге дейін бірде бір қазақстандық кәсіпқой боксшы мұндай жетістікке (қос салмақ дәрежесінде де әлем чемпионы атану) қол жекізбеген еді.
TOi BiZNES.kz тауар белгісін ресми түрде тіркеді

Достар, жақсы жаңалықпен бөлісеміз! «TOi BiZNES.kz» интернет порталы тауар таңбасын ресми түрде тіркеді! Біздің мақсатымыз жобаны дамыту және елімізде ғана емес, шетелде де бренд танымалдығын арттыру. Бүгінде бізді Қазақстан танып келеді. Алдағы уақытта біз халықаралық нарыққа шығуды да жоспарлап отырмыз!
Осыған орай, әріптестеріміз ұсынған тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалауға, мереке-думан ұйымдастырушыларға тауар және қызмет түрлерін іздеу сервисін дамытуға білек сыбана, мықтап кіріскенімізді атап өтпекпіз.
Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – Бір шертумен ТОЙ жасау!
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-I Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бап, 8-бөліміне сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
Заңның 4-тарау, 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.
Сондай-ақ 4-баптың 4-бөліміне сәйкес тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
Атақты «Келін» телехикаясында Ананди рөлін сомдаған актрисаның өліміне қатысты іс жалғасын табуда
Телехикаялар жұлдызына айналған Пратюша Банерджидің отбасы мен достары қыздың өлімініе кінәлі адамды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.
Қазір, Пратюшаның анасы Тергеу Орталық Бюросы арқылы қызының қайтыс болу себептерін іздеп зерттеу жүргізуде. Сома Банерджи жұма күні change.org платформасында онлайн− петицияны іске қосты.

"Жиырма бес жастағы Пратюша Банерджи Сәуірдің 1−ші жұлдызында Мумбай қаласында өз өзіне қол жұмсаған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен қызды ажал алдынан құтқару мүмкін болмады", деп хабарлайды Today.kz.
Сома онлайн−петициялар жеткілікті жиналған соң оны премьер−министр Нарендра Моди мен Ішкі істер министрі Раджнатх Сингхка өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Пратюшаның әкесі: «Иә, біз онлайн−петицияны қызымыздың өлімінен кейін әділдік орнату мақсатында іске қостық. Біз кез келген жолмен шындыққа қол жеткіземіз», −деді.
Бұған дейін қыздың әке−шешесі Пратюшаның жігіті Рахул Радж Сингхты кінәлі деп санайтындарын айтқан болатын. Онлайн−петициядан бөлек Сома Банерджидің қолында Ішкі істер министріне арналған хаты бар. Онда Рахулдың Пратюшаға қорлық көрсеткенінен бөлек қызының шотынан 32 рупий алғанын айтады. «Біз Рахулға қарсы мәлімдеме жаздық, алайда полиция бұл жайтты «өз өзіне қол жұмсау» деп таныпты. Сонда да менің жүрегім қызымды біреу өлтіргенін сезеді» дейді анасы.
Құқық қорғау органдарының есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бөлімшелері басшыларына арналған оқу курстары туралы
Екі жасар Эллина Кульдинаның денесі жансыз күйінде табылды

"Нұра өзенінің бойынан 10 мамырдан бастап жүзден аса адам іздеуге кіріскен екі жасар Эллина Кульдинаның денесі табылды", деп хабарлайды Today.kz.
10 мамырда Эллина Кульдинаның жоғалғаны жайында ақпарат түсті. Бұл жайтты естіген адамдар бірден ғаламтор желілерін дүр сілкіндірді. Көмекке құтқарушылар, сүңгуіршілер, полиция және жүзден аса волонтерлар келді. Бір жарым аптаға созылған бұл іздеу жұмыстары мамырдың 21-ші жұлдызында тоқтады. Қыздың денесін жергілікті балықшы өзен бойынан тапқан.

Эллинаға арнап кішігірім болса да қоштасу рәсімін жасауға отыз шақты азамат ат салысты. Өзен бойына шырақ жағып, гүлдерді суға жібергендер сәбимен қимастықпен қоштасты.
Қолға түскен қосымша ақпараттарға қарағанда, сәбидің жерлеу рәсімі 23-ші мамырда Астана қаласында өтті. Эллинаның жақындары қызды іздеуге қол ұшын созған барлық жандарға алғыстарын білдіруде.
Бар болғаны екі жыл өмір бейнесін көрген баланың жаны қыршын кетті-ау! Кішкентай қыздың өмірмен ерте қоштасқанына енді кімді кінәләйміз? Оған көз қырын салмаған ата-ананы ма, әлде осы жалған фәниді ме?
Тағдырдың жазғаны сол болар,
"Өмірдің" ағымы тән алар
Жаның шыдамай тасқынға,
Таңдапсын ғой жәннатты...
Тиімді қызмет – табыс кепілі.

2016 жылғы 20 мамырда ҚР МҚІМ СҚО бойынша Департаментінің қызметкері СҚО Экономика басқармасының қызметшілерімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізді. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан, келіп түскен сауалдар аз болмады. Олардың барлығына Департамент маманы өз жауаптарын берді.

Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыз!

Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық бол және ешқашан өзінің кішкентай мүмкіндігіңді жіберіп алма.
Маған өте жақсы болған күнді ешқашан ұмытпаймын, содан кейін мен кез келген мүмкіндікті жібермейтін болдым және өмір маған сыйлап жатқан әр оқиғаны бірден іске асыратын болдым.
2011 жыл, «Атамекен- start-up» байқауы болатын. Мен Қазақстан үшін сол кезде революциялық өнім болатын IP-АТС жобасымен қатыстым.
Фавориттер қатарында болдым, қазылар алқасының мүшесі – ірі медициналық компанияның басшысы маған серіктестікті ұсынды. Ол менің жасаған жаңалығымды өз компаниясының 20 филиалына орнатқысы келді және менің визиткамды сұрағаны бар. Мен презентациямды аяқтап, ештеңе болмағандай өз орныма отырдым. Бірнеше минуттан соң қазылар алқасы жобаларды ортаға салуға кетті. Жеңімпаздарды атаған кезде, менің атам аталмады. Тіпті жүргізушінің өзі менің жобамның үздік екенін айта отырып, неліктен жеңімпаздар қатарында жоқ екенін сұрады. Сол кезде медициналық компанияның басшысы менің санамды түгелімен өзгерткен сөздерді айтты: «Бүгін мен бұл жігітке сабақ бергім келіп отыр. Ол мен сұраған визитканы бірден бермей, өз мүмкіндігін жіберіп алды. Ол мүмкіндікті бірден, еш кідірусіз, кешіктірмей қолданып отырмаса, бұл өмірде ештеңеге қол жеткізбейтін болады». Менің тұла бойым түршігіп кетті, залдағы 5000 адамның көздері маған қадалды. Мен сол кезде сол әйелге ренжуіме болатын еді, алайда мен бұл ақпарат үшін сана-сезімімді ояттым, мен оны тыңдай отырып, маған не айтқысы келгенін түсіндім.
Ол менің өмірлік ұстанымыма айналды. МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРМЕУ!
Менің ұраным: МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ!
Өмірімдегі әрбір адамды мен мүмкіндік ретінде бағалаймын. Егер мен ол адам танысып, серіктес болу барысында жаңа жолдар ашылатынын түсінсем, оған қол үшін беру үшін, көбінесе тегін, өз білімім мен уақытымды аямаймын. Осылайша, сапалы ұзақ мерзімді қатынас құралады. Сен көмектескен адам, ертеңгі күні міндетті түрде саған көмектеседі. Менің көптеген маңызды жобаларым тегін қызмет көрсетуден басталған, бірнеше жобаны мен тегін, өз қалтамнан жасадым, алайда мен болашақта қайта оралатынына сендім, жақсы істер ұмытылмайды.
Осылайша мен өзін жақсы көрсете білген адам ретіндегі абыройға ие болдым.
Айналамызда қаншалықты көп қозғалыс жасасақ, соншалықты адаммен танысамыз, ал кез келген байланыс – ол мүмкіндіктер. Өкінішке орай, көптеген адам бұл шындыққа жете алмай жүр.
Көптеген бастаушы кәсіпкерлер бір реттік айлық алу үшін өздерінің қызметтері мен тауарларын ұсына отырып, бірден оңай ақшаға қол жеткізгісі келеді. Олар нарыққа жаңа келгендерін және жалпыдан ерекшелену керектігін түсінбейді. Клиентке алғы қадам жасау, бір тауарды тегін беру, жоғары дәрежеде қызмет көрсету, кәсібиліктерін көрсету – оңай шаруа емес. Бірақ олар мезеттік айлықпен шектеле отырып, мүмкіндіктерді қолданбайды. Мен ондай адамдармен жұмыс істеуді бұрыннан доғарғанмын, себебі олар шектелген, ақпаратты қабылдамайды. Кез келген ірі көлемді іс-шараларды мен мүмкіндік ретінде қарастырамын. Көптеген адамдармен танысамын, визиткаларымды таратамын, міндетті түрде көмекшілерімен қатар аламын, себебі ол адам жоғары мәртебелі болған жағдайда, онымен тіке байланысқа шығу екіталай.
өте қызықты жағдай болды, кенеттен көшеде Кенес Ракишевті кездестірдім, алыстан бірнеше адам оны суретке түсіріп жатты, ойланбастан ол кісіге жүгіріп барып, таныстым, өз визиткамды да қалдырдым, лифтке бірге міндік, Ritz Carlton қонақ үйінің 10-этажына көтеріле жатып, өз жобаларым мен мақсаттарымды айтып, оны қызықтыра түстім. Сол мезетте мен сату бойынша тренингтерде жүргізілетін ойынды еске түсірдім, 15 секунд ішінде әңгімелесушіні иландырып, өз ұсынысынызға бағындыру. Егер мен сол кезде 2011 жылы айтқан ақылды әйелдің мүмкіндігіңді жібермеу туралы кеңесін білмегенімде, олай әрекет етуім белгісіз еді. Мүмкін, маған тәжірибелі азаматтардың айтқысы келген ақпараттарын тыңдай білетін жақсы оқушы шығармын. Сол себептен мен өз уақытымды үнемдей отырып, постулаттарын шындық ретінде қабылдап, қайта тексеруге уақыт жұмсамаймын, тек оны өмірде пайдаланамын.Білесіздер ме, бұл кеңестер орындалады!
Аударған Жанар Каралтаева