Мазмұнға өту

Жаңа

Жемқорлық қоғамды шіртеді!

Жемқорлық қоғамды шіртеді!
Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал  Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тіршілік жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.
Назарбаев алдап отырма? Қазақстанда жемқорлық жайлап кеткен.
Назарбаевқа жазып жүрген арыздарымыздың бірі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  мырза,   Сіз  халықты алдап отырсыз ба?  Жемқорлық қашан жойылады?   Жемқор судьялардың жасаған қылмыстары Сізге  абырой әпереді ме? Біздің арыз-шағымдарымыз, материалымыз бойынша Республикамыздың миллиондаған жұрты, бүкіл Парламент және мемлекет - қоғам қайраткерлері жемқор судьялардың жасаған сыбайластық қылмыстарына таңғалып, "Судьялар қашан қылмыстық жазаға тартылады?"-деп, отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы, - "Жергілікті чиновниктер заңдарды бұзып отыр"- деп, айттыңыз. Бұл сөзіңіз  дұрыс айтылды. Ал өзіңіз сеніп тағайындаған ОҚО судьялары сыбайластық қылмыстарды жасап отыр.  Қылмыстық жазалауға Сіздің ғана құзырыңыз жүретін ОҚО жемқор судьялары заңдарға қайшы шығып, бұзып,  коррупцияға  беріліп, сатылып отыр. Бұған не айтасыз? Әлде Сіз жемқор судьяларды әдейі тағайындадыңыз ба? Жемқорлық қашан жойылады? Судьялардың коррупциялық қылмыстары жөнінде біз Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге  төрт жыл бойы жазып  келеміз және республикалық Уақыт газетіне жазғанбыз: "Судьялар- қылмыскер, адвокттар- почтальон" деген материалымыз Сізге, тапсырылды.  Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жауап бермедіңіз.  ОҚО қылмыскер судьяларын қорғап,  жазаға тартпай отырсыз.  Себебі не?   ОҚО жемқор судьялары Парламентің қос палатасы қабылдаған, Сіз бекіткен  заңдарды  менсінбейді.  Себебі Сізден гөрі судьяларға жемқорлық артық. Коррупциялық қылмыстарды өрбітіп отырған судьялар пайда көруде.   Төрт  жыл бойы судьялар біздің отбасымызды заңсыз, дәлелсіз құдалауда.  Осы жөнінде  "YVISION" ғаламторда:  "Базарный процесс Бийсимбиевой",    "Мами тұрақсыз ба?",  "Генеральный прокурор РК Дауылбаев связан коррупцией?",     деген  материалдар жарияланды.  "Мемлекеттік қызметкерлер халық үшін адал қызмет етуге міндетті" - деген сөзіңіз, шынайы ықыласпен айтылса, жемқор қылмыскер судьялар қай уақытта қылмыстық жазаға тартылады?
Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің Үздігі,
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті
қызметкері, ОҚО Төлеби ауданының Құрметті азаматы,
еңбек ардагері, зейнеткер, екінші топтағы мүгедек
Үсенов Жақсыбайдан.

Жемқорлық қоғамды шіртеді!

Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал  Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тіршілік жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.

 

Назарбаевқа жазып жүрген арыздарымыздың бірі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  мырза,   Сіз  халықты алдап отырсыз ба?  Жемқорлық қашан жойылады?   Жемқор судьялардың жасаған қылмыстары Сізге  абырой әпереді ме? Біздің арыз-шағымдарымыз, материалымыз бойынша Республикамыздың миллиондаған жұрты, бүкіл Парламент және мемлекет - қоғам қайраткерлері жемқор судьялардың жасаған сыбайластық қылмыстарына таңғалып, "Судьялар қашан қылмыстық жазаға тартылады?"-деп, отыр.   Нұрсұлтан Әбішұлы, - "Жергілікті чиновниктер заңдарды бұзып отыр"- деп, айттыңыз. Бұл сөзіңіз  дұрыс айтылды. Ал өзіңіз сеніп тағайындаған ОҚО судьялары сыбайластық қылмыстарды жасап отыр.  Қылмыстық жазалауға Сіздің ғана құзырыңыз жүретін ОҚО жемқор судьялары заңдарға қайшы шығып, бұзып,  коррупцияға  беріліп, сатылып отыр. Бұған не айтасыз? Әлде Сіз жемқор судьяларды әдейі тағайындадыңыз ба? Жемқорлық қашан жойылады? Судьялардың коррупциялық қылмыстары жөнінде біз Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге  төрт жыл бойы жазып  келеміз және республикалық Уақыт газетіне жазғанбыз: "Судьялар- қылмыскер, адвокттар- почтальон" деген материалымыз Сізге, тапсырылды.  Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жауап бермедіңіз.  ОҚО қылмыскер судьяларын қорғап,  жазаға тартпай отырсыз.  Себебі не?   ОҚО жемқор судьялары Парламентің қос палатасы қабылдаған, Сіз бекіткен  заңдарды  менсінбейді.  Себебі Сізден гөрі судьяларға жемқорлық артық. Коррупциялық қылмыстарды өрбітіп отырған судьялар пайда көруде.   Төрт  жыл бойы судьялар біздің отбасымызды заңсыз, дәлелсіз құдалауда.  Осы жөнінде  "YVISION" ғаламторда:  "Базарный процесс Бийсимбиевой",    "Мами тұрақсыз ба?",  "Генеральный прокурор РК Дауылбаев связан коррупцией?",     деген  материалдар жарияланды.  "Мемлекеттік қызметкерлер халық үшін адал қызмет етуге міндетті" - деген сөзіңіз, шынайы ықыласпен айтылса, жемқор қылмыскер судьялар қай уақытта қылмыстық жазаға тартылады?                                                         Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің Үздігі,                                                  Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті                                            қызметкері, ОҚО Төлеби ауданының Құрметті азаматы,                                                еңбек ардагері, зейнеткер, екінші топтағы мүгедек                                                                             Үсенов Жақсыбайдан.

0
4
770

Көкшетау қаласының ұстаздар қауымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

Ағымдағы жылдың 19 мамырында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақов №1 жалпы орта білім беру мектебінде                   №2 ОМ, №3ОМ, №6ОМ  жыне Көкшетау қ. «Таңдау» көпбейінді гимназиясының педагогикалық ұжымдарымен кездесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Қуаныш Асылбекұлы өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты.

Кездесуді қорытындылай келе, ұстаздар қауымы  қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.

Іс- шараға 150 адам қатысты.

0
0
573

Өзіңнен баста!

2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика  министрлігі Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 30-дан астам адам қатысты.

0
0
944

«Адал жол – Честный путь» эстафетасы Бұланды ауданында

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бұланды ауданында  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақовтың, аудан әкімі Қ. Іспергеновтың   қатысуымен идеологиялық  актив өткізілді.

Активке аудан әкімінің орынбасарыБ. Тасылбекова қатысты,  аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Қ. Жапақов өзінің баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қатысушыларына алғыс білдірді және өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты – Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті.

Талқылау барысында активтің қатысушылары  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығымен келісетіндерін білдірді.

Активтің соңында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қ. Жапақов суреттер байқауына барып, жеңімпаздарға бағалы жүлделер мен грамоталарды табыс етті.

Аудандық кітапханада аудан жастарының қатысуымен ақпараттық үстел ұйымдастырылды. Департамент өкілдері мен аудан басшылығы ақпараттық үстелдің жұмысына қатысты.

Іс-шараларға 150 адам қатысты.

 
0
0
576

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

2016 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика  министрлігі Ақмола облысының білім басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысына Басқарманың және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 40-тан астам адам қатысты.

0
0
413

Қазақстанда жемқорлық жайлаған.

Жемқорлық.
Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал ұлы Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тірішілік еш жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.
Усенов Жақсыбай.

Елдікті сақтау үшін,  биліктегі жемқорлық жойылу керек! Сондағана бірлік болады. Ал ұлы Төлебидің сөзі: "Бірлік болмай,   тірлік болмайды"- деген. Тірішілік еш жүрмейді, жемқорлық бар жерде. Қазақстан бойынша билікте жемқорлық жайлап кеткен. Биліктегі жемқорлық қоғамды шіртеді.                                                 Усенов Жақсыбай.

0
0
335

Жалпықазақстандық диктант

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мәңгілік ел» атты патриоттық актісіне арналған қазақ тілінен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды. Ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, аталған шараға республика бойынша 20 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жалпықазақстандық диктант республиканың барлық облыс пен аудан орталықтарында өтті. Ол үшін аталған бастамаға қатысуға ниет білдірген азаматтар кітапханалар мен жоғары оқу орындарында жиналып, бір уақытта қазақ тілінде диктант жазып шықты. «Бүгінгі диктант «Мәңгілік ел» тақырыбына арналды. Біз бір жарым беттік диктант жазып шықтық. Сосын филолог мамандардан құралған комиссияға тапсырып қойдық. Жауабы ертең болады деді», - дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Көлік персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының бас маманы Ербол Тоқтағазы.

Айта кеткен жөн, «Мәңгілік ел» атты патриоттық актісіне арналған қазақ тілінен жалпықазақстандық ашық диктант Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылды. Диктант жазғандардың басым бөлігі – қазақтар, олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де болды. «Мәңгілік ел» атты патриоттық актісіне арналған қазақ тілінен жалпықазақстандық ашық диктант Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Бүгінгі іс-шараға республика бойынша 20 мыңнан астам адам бір уақытта қатысып жатыр», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов шараның ашылу рәсімінде.

 

Дереккөз:baq.kz

0
0
1386

Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде болды.

Бағдарламада Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілер өздерінің моральдық-адамгершiлік бейнесiне жоғары талаптар қоя білуі керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсай отырып, іскерлік қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті.

   

0
0
630

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырында өткен кезекті отырысында Теректі, Сырым, Зеленов, Тасқала, Казталов   аудандарының бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды.

Алдымен, Теректі аудандық прокуратурасының шаруа қожалығына жалға берілген жер телімінің пайдалану мерзімін ұзартудан заңға сыйымсыз бас тарту мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Теректі ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы А.М.Губанов пен Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Н.Шукеевтың, сонымен қатар Зеленов аудандық прокуратурасының егін шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Г.Бисакаевтың, сондай ақ Казталов аудандық прокуратурасының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Х.Тукпановтың тәртіптік істері қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен жоғарыда аталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты, аталған тәртіптік істерді тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Бұдан әрі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратында, осы ауылдық округі тұрғынан түскен арызды тексеру қорытындысы негізінде, округ әкімдігіне түскен өтінішке жауап беру барысында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарын сақтау мәселесіне бойынша Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Тулеповқа қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен, аталған тұлғаның іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты осы тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Соңында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміндегі жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы негізінде, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтамау фактісі бойынша бөлім басшысы М.Ж.Нарыков пен бас маман Р.В.Сапароваға қатысты тәртіптік іс материалдары қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен аталған тұлғаларға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарын сақтамай тәртіптік теріс қылықтарға жол бергендері үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану туралы ұсыныстар беру жөнінде шешім қабылданды.

 

0
0
614

Адалдық пен әділдік

2016 жылдың 19 мамырында №42 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс шара оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы өтті.

ОЖСИОД технологиясы оқу мен жазу барысындағы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың тұтас жүйесін құрайды. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің негізгі дағдыларына, мәдениаралық әрекеттестік енгізілген ашық қоғамның азаматтық мінез-құлықтарын дамытуға бағытталған. Бұл технология білім саласындағы мәселелердің үлкен шоғырын шешуге негізделген.

Мектеп басшылығы мен Департамент өкілі оқушылармен бірге тренингке қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин оқушылар алдында «Адал жол адастырмайды» тақырыбында баяндама оқыды.

0
0
609