АҚШ-тағы қазақ патриоттары кімдер?
Белгілі орыс жазушысы әрі қоғам қайраткері Солженицын КСРО саясатын сынға алған санаулы тұлғалардың бірі болған. Ол елінде саяси көзқарастары үшін құрметке ие бола алмаған болса да, өзге елдерден саяси пана сұраған емес. Керісінше, КСРО территориясында қалып, коммунистік көзқарасты сынға алатын жазбаларын баспадан шығаруға тырысқан. Дегенмен де, КГБ қызметкерлері оның паспортын алып қойып, ФРГ территориясына шығарып салады. Патриот өз үгіт-насихатын ел сыртында да жалғастырады. Кейіннен КСРО ыдыраған соң, бірден Ресейге қайтып оралды. Міне, оны өз ұлтының патриоты деуге болады. Көпке белгілі, өзге елден "саяси пана" сұраған кезде сол елдегі билікке қарсы екеніңді анық білдіре алуың керек. Ал билік ауысса ше? Ондай сәтте оппозиционер патриоттар кіндік қаны тамған жерін аңсап, елге оралуы т…