Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыз!

Егер сіз мықты кәсіпкер болғыңыз келсе, жаңа мүмкіндіктерге ашық бол және ешқашан өзінің кішкентай мүмкіндігіңді жіберіп алма.
Маған өте жақсы болған күнді ешқашан ұмытпаймын, содан кейін мен кез келген мүмкіндікті жібермейтін болдым және өмір маған сыйлап жатқан әр оқиғаны бірден іске асыратын болдым.
2011 жыл, «Атамекен- start-up» байқауы болатын. Мен Қазақстан үшін сол кезде революциялық өнім болатын IP-АТС жобасымен қатыстым.
Фавориттер қатарында болдым, қазылар алқасының мүшесі – ірі медициналық компанияның басшысы маған серіктестікті ұсынды. Ол менің жасаған жаңалығымды өз компаниясының 20 филиалына орнатқысы келді және менің визиткамды сұрағаны бар. Мен презентациямды аяқтап, ештеңе болмағандай өз орныма отырдым. Бірнеше минуттан соң қазылар алқасы жобаларды ортаға салуға кетті. Жеңімпаздарды атаған кезде, менің атам аталмады. Тіпті жүргізушінің өзі менің жобамның үздік екенін айта отырып, неліктен жеңімпаздар қатарында жоқ екенін сұрады. Сол кезде медициналық компанияның басшысы менің санамды түгелімен өзгерткен сөздерді айтты: «Бүгін мен бұл жігітке сабақ бергім келіп отыр. Ол мен сұраған визитканы бірден бермей, өз мүмкіндігін жіберіп алды. Ол мүмкіндікті бірден, еш кідірусіз, кешіктірмей қолданып отырмаса, бұл өмірде ештеңеге қол жеткізбейтін болады». Менің тұла бойым түршігіп кетті, залдағы 5000 адамның көздері маған қадалды. Мен сол кезде сол әйелге ренжуіме болатын еді, алайда мен бұл ақпарат үшін сана-сезімімді ояттым, мен оны тыңдай отырып, маған не айтқысы келгенін түсіндім.
Ол менің өмірлік ұстанымыма айналды. МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРМЕУ!
Менің ұраным: МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ!
Өмірімдегі әрбір адамды мен мүмкіндік ретінде бағалаймын. Егер мен ол адам танысып, серіктес болу барысында жаңа жолдар ашылатынын түсінсем, оған қол үшін беру үшін, көбінесе тегін, өз білімім мен уақытымды аямаймын. Осылайша, сапалы ұзақ мерзімді қатынас құралады. Сен көмектескен адам, ертеңгі күні міндетті түрде саған көмектеседі. Менің көптеген маңызды жобаларым тегін қызмет көрсетуден басталған, бірнеше жобаны мен тегін, өз қалтамнан жасадым, алайда мен болашақта қайта оралатынына сендім, жақсы істер ұмытылмайды.
Осылайша мен өзін жақсы көрсете білген адам ретіндегі абыройға ие болдым.
Айналамызда қаншалықты көп қозғалыс жасасақ, соншалықты адаммен танысамыз, ал кез келген байланыс – ол мүмкіндіктер. Өкінішке орай, көптеген адам бұл шындыққа жете алмай жүр.
Көптеген бастаушы кәсіпкерлер бір реттік айлық алу үшін өздерінің қызметтері мен тауарларын ұсына отырып, бірден оңай ақшаға қол жеткізгісі келеді. Олар нарыққа жаңа келгендерін және жалпыдан ерекшелену керектігін түсінбейді. Клиентке алғы қадам жасау, бір тауарды тегін беру, жоғары дәрежеде қызмет көрсету, кәсібиліктерін көрсету – оңай шаруа емес. Бірақ олар мезеттік айлықпен шектеле отырып, мүмкіндіктерді қолданбайды. Мен ондай адамдармен жұмыс істеуді бұрыннан доғарғанмын, себебі олар шектелген, ақпаратты қабылдамайды. Кез келген ірі көлемді іс-шараларды мен мүмкіндік ретінде қарастырамын. Көптеген адамдармен танысамын, визиткаларымды таратамын, міндетті түрде көмекшілерімен қатар аламын, себебі ол адам жоғары мәртебелі болған жағдайда, онымен тіке байланысқа шығу екіталай.
өте қызықты жағдай болды, кенеттен көшеде Кенес Ракишевті кездестірдім, алыстан бірнеше адам оны суретке түсіріп жатты, ойланбастан ол кісіге жүгіріп барып, таныстым, өз визиткамды да қалдырдым, лифтке бірге міндік, Ritz Carlton қонақ үйінің 10-этажына көтеріле жатып, өз жобаларым мен мақсаттарымды айтып, оны қызықтыра түстім. Сол мезетте мен сату бойынша тренингтерде жүргізілетін ойынды еске түсірдім, 15 секунд ішінде әңгімелесушіні иландырып, өз ұсынысынызға бағындыру. Егер мен сол кезде 2011 жылы айтқан ақылды әйелдің мүмкіндігіңді жібермеу туралы кеңесін білмегенімде, олай әрекет етуім белгісіз еді. Мүмкін, маған тәжірибелі азаматтардың айтқысы келген ақпараттарын тыңдай білетін жақсы оқушы шығармын. Сол себептен мен өз уақытымды үнемдей отырып, постулаттарын шындық ретінде қабылдап, қайта тексеруге уақыт жұмсамаймын, тек оны өмірде пайдаланамын.Білесіздер ме, бұл кеңестер орындалады!
Аударған Жанар Каралтаева
