БҚО денсаулық сақтау басқармасындағы семинар-кеңес
2016 жылдың 20 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері медицина қызметкерлерін еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.
Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

