Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заңсыз бекіре балығын аулауға және сатуға болмайды!

Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция бөлімшесі қызметкерлері «Бекіре-2016» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында 15.05.2016 жылы сағат 02:30 шамасында «Форт-Шевченко-Ақтау» тас жолының 60/72 шақырымында Ақтау қаласы тұрғынының басқаруындағы «SААВ» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан 6-дана салмағы 17 кг., «Бекіре» тұқымдас балығы табылып, тәркіленіп алынды. Сонымен қатар 16.05.2016 жылы сағат 02:30 шамасында «Форт-Шевченко-Ақтау» тас жолының 60/72 шақырымында Түпқараған ауданы, Қызыл-өзен ауылы тұрғының басқаруындағы «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан 10-дана салмағы 20 кг., «Бекіре» тұқымдас балығы табылып тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта жинақталған жадығат Түпқараған ауданы ІІБ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ІІД Баспасөз қызметі

Фото Двда Мангистауской Области.

Фото Двда Мангистауской Области.

Фото Двда Мангистауской Области.

Фото Двда Мангистауской Области.

Фото Двда Мангистауской Области.
 
0
0
240

Осы тақырып бойынша

Заңсыз бекіре балығын аулауға және сатуға болмайды! - Yvision.kz