Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аймақтардағы ЭКМО мектебі


20 мамырда Алматы қаласында алғашқы көшпелі экстракорпоралдық мембраналық оксигенация (ЭКМО) мектебі ұйымдастырылды. Оның жұмысына түрлі медициналық мекемелерден 82 маман қатысты. Мультидисциплинарлық форматтағы ЭКМО мектебінде түрлі мамандар, соның ішінде пульмонолог, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, кардиохирург, интервенциондық кардиолог, перфузиолог, сондай-ақ, ең маңызды болып табылатын – мейірбике ісі мамандары жиналды.
Мектеп тақырыбы аймақтардағы әріптестердің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар әр баяндаманы белсенді түрде талқылап, барлық сұрақтарға жауаптар «тәжірибеден» табылды. Шара соңында ЭКМО аппаратымен жұмыс істеу және арнайы манекенді каннюляциялау (ЭКМО құралымен) бойынша симуляциялық курс өткізілді. Бұл машықтарды дамытуға, аймақтарда сирек қолданылатын ЭКМО процедураларын еске алуға септігін тигізді.
Жүрек орталығы Қазақстанның аймақтарында ЭКМО-мен көмек көрсету сапасы мен оның нәтижелерін жақсарту, сондай-ақ, мамандарды біріктіру мақсатында орталықта және көшпелі ЭКМО мектептерін тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

0
0
353

Осы тақырып бойынша